«Buddha Spа» Спа Салонында жалпы сауықтыру қызметтерін көрсетуге арналған шартты жасасу туралы ЖАРИЯ ОФЕРТА
Осы Оферта жарияланған күнінен бастап қолданылады – 06.12.2023ж.Бұл құжат Steak Field ЖК (бұдан әрі – «Орындаушы») ресми ұсынысы (жария оферта) болып табылады және «Buddha Ѕра» Спа Салонында жалпы сауықтыру қызметтерін көрсетудің барлық маңызды шарттарын қамтиды. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 395-бабының 5-тармағына сәйкес төменде баяндалған шарттар қабылданған және қызметтерге ақы төленген жағдайда осы офертаның акцептін жүргізетін жеке тұлға, заңды тұлға, сондай-ақ дара кәсіпкер Сатып алушы болады (ҚР АК-нің 396-бабының 3-тармағына сәйкес оферта акцепті оферта баяндалған талаптармен шарт жасасуға тең). Осы офертаның шарттарын толық әрі сөзсіз қабылдау (акцепт) Тапсырыс берушінің Орындаушы ұсынған қызметтер үшін осы Офертада айқындалған тәртіппен ақы төлеуді жүзеге асыруы болып табылады.Жоғарыда аталғанға байланысты, аталған жария офертаның мәтінімен мұқият танысуды ұсынамыз және қандай да бір тармағымен келіспеген жағдайда, Орындаушы Сізге офертаны акцепттеуден бас тартуды ұсынады. Жария оферта, оған қоса берілетін қосымшалар мен толықтырулар ресми құжаттар болып табылады және танысу үшін қолжетімді жерде — «Buddha Spa» SPA Салонының (бұдан әрі мәтін бойынша — SPA-салон) әкімші үстелшесінде, сондай-ақ SPA-салонның www.buddhaspa.kz ресми сайтында орналастырылады.
Осы офертада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Орындаушы – Steak Field ЖК SPA-салон объектілері - Орындаушыға тиесілі объектілер, оның ішінде SPA-салон аумағы. Бассейн – «Buddha Ѕра» SPA-салонының ғимаратында орналасқан,жалпы ауданы 41,66 (қырық бір бүтін 66/100) шаршы метр, тереңдігі 1,6 (бір бүтін 6/10) метр жүзу бассейні. Тапсырыс беруші (Келуші) - еркін ерік білдіру негізінде әрекет ететін кез келген жеке тұлға. Тапсырыс берушінің өкілі – қарапайым жазбаша нысанда ресімделген сенімхат негізінде Тапсырыс берушінің атынан әрекет ететін тұлға. Қызметтер – Орындаушының «Buddha Ѕра» SPA-салонында жалпы сауықтыру қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі қызметі. Қызмет сапасы – оның жалпы сауықтыру қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін анықтайтын қызмет сипаттамаларының жиынтығы. Сыйлық сертификаты – Сатушының өз қалауымен таңдалатын нысанда (қағаз түріндегі сертификат / электрондық құжат – «Виртуалды сыйлық сертификаты», «ВСC») шығарылатын, дербестендірілмеген құжат болып табылады. Ол бірегей деректемелерді (QR-код, номинал, қолданылу мерзімі және т.б.) қамтиды және сертификатты шығарушы/таратушы тұлғадан – Сатушыдан осы сертификаттың номиналдық құнына тең сомаға қызметтерді сатып алуға оның иесіне (ұстаушысына) құқық беретінін растайды. Жұмыс режимі – SPA салоны келуге ашық күндер мен сағаттар. Жұмыс режимі ресми www.buddhaspa.kz сайтта орналастырылған. Техникалық үзіліс – тазалау және санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында SPA-салонының, сондай-ақ SPA аймағындағы үй-жайлардың жұмысындағы үзілістер. Техникалық үзілістердің саны мен олардың ұзақтығы санитарлық нормалар мен қағидаларға сәйкес айқындалады. «Buddha Spa» SPA-салонына бару ережелері — байссейні бар SPA-аймаққа бару кезіндегі мінез-құлық қағидалары мен қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдары белгілеген және SPA-салонға келушілердің орындауы міндетті эпидемияға қарсы талаптар мен ұсынымдарды қамтитын құжаттар болып табылады.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы офертаны акцепттей отыра, Тапсырыс беруші келесіні растайды: 1.1.1. Осы офертаны акцепттеу сәтіне дейін көрсетілетін қызметтер және оларды көрсету шарттары туралы, дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік беретін қажетті ақпаратты алу. 1.1.2. SPA-салонға бару кезінде мінез-құлық қағидалары мен қауіпсіздік шараларын сақтауға өзінің келісімі мен міндеттемесін растау. 1.1.3. Тапсырыс берушінің бассейні бар SPA-аймаққа баруына медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы. Тапсырыс беруші денсаулық жағдайы туралы жалған немесе дәл емес мәліметтер ұсыну, сондай-ақ жітіауру немесе созылмалы аурудың асқыну кезеңінде бассейнге бару Тапсырыс берушінің денсаулығының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін екенін түсінеді. 1.1.4. Су ортасында және SPA-аймақта жаттығулар өткізілуіне байланысты жарақат алу қаупінің бар екенін түсінуі. Жоғарыда көрсетілген қағидаларды Тапсырыс беруші сақтамау салдарынан туындауы мүмкін Тапсырыс берушінің денсаулығының кез келген нашарлауы, сондай-ақ өмірге қауіпті жарақаттар үшін Орындаушы жауапкершілік көтермейді.
1.1.5. SPA-салонда келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүргізілетінімен таныс екенін және оған өзінің келісімін растау. 1.1.6. СМС-хабарламаларды, электрондық пошта арқылы хабарламаларды, сондай-ақ Орындаушының қызметі туралы басқа байланыс құралдарының көмегімен жіберілген хабарламаларды, оның ішінде келулердің күші жойылған немесе ауыстырылған жағдайда ақпараттық мазмұнды алуға келісім беру. Хабарламаларды жіберу Тапсырыс беруші байланыс ретінде ұсынған телефон нөміріне немесе электрондық пошта мекенжайына жүзеге асырылады. 1.1.7. Өзінің келісімі бойынша ол тек өзінің еркі бойынша, өзінің мүддесі үшін және/немесе пайдасына осы шарт жасасатын үшінші тұлғалардың мүдделері үшін әрекет етеді. 1.1.8. Егер осы Шарт бойынша пайда алушы ретінде үшінші тұлға болған жағдайда, ол осындай үшінші тұлғаға осы офертаның мәтінін ұсынып, оның ережелерін түсіндіріп, оның талаптарын толық көлемде қабылдауды қамтамасыз ететініне өзінің келісімі. 1.2. Орындаушы кез келген уақытта Тапсырыс берушімен алдын ала келіспей, біржақты тәртіппен осы Офертаның шарттарына өзгерістер енгізуге құқылы. Өзгерістер енгізілген жағдайда, орындаушы өзгерістерді «Buddha Ѕра» SPA-салонының ресми www.buddhaspa.kz сайтында жариялайды. Бұл ақпаратты Тапсырыс беруші дербес қадағалайды, Орындаушы әрбір Тапсырыс берушіні жеке хабардар етуге міндетті емес. 1.3. Қызметтерді орындаушы SPA-салонның сайтында ашық қолжетімділікте орналастырылатын SPA-салонның жұмыс кестесіне сәйкес көрсетеді. Қызметтерді пайдалану үшін Тапсырыс беруші келудің ыңғайлы күні мен уақытын келісе отырып, алдын-ала жазылуы керек.
2. Шарттың мәні
2.1. Осы Шарттың мәні Тапсырыс берушіге SPA-салонда жалпы сауықтыру қызметтерін көрсету болып табылады. Қызметтер осы жария оферта шарттарына сәйкес, оның ішінде оған толықтырулар мен қосымшалармен бірге ұсынылады. 2.2. Тапсырыс беруші сатып алынған абонемент, сыйлық сертификаты немесе бір рет келуге арналған кассалық чек түріне сәйкес Тапсырыс берушіге Spa-салон қызметтерін көрсету бойынша міндеттемені тапсырады, ал Орындаушы өзіне алады. Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтерді осы Шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
3. Шарттың қолданылу мерзімі және қызметтерді көрсету мерзімі
3.1. Осы жария офертаны акцептеу жолымен жасалған шарттың қолданылу мерзімі оның акцептелген күнінен басталады (Шарттың 4.1-тармағы) және Абонементтің, Сыйлық сертификатының қолданылу мерзімінің соңғы күнінде аяқталады. 3.2. Шарт бойынша қызмет көрсету мерзімі Абонементтің, Сыйлық сертификатының қолданылу мерзіміне сәйкес келеді. Қызмет көрсету мерзімі Абонементті, Сыйлық сертификатын сатып алған күннен басталады және Абонементтің, Сыйлық сертификатының қолданылу мерзімінің соңғы күнінде аяқталады. 3.3. SPA-салонға біржолғы жалпы сауықтыру келуді сатып алу кезінде осы жария офертаны акцептеу жолымен жасалған шарттың қолданылу мерзімі, сондай-ақ қызмет көрсету мерзімі SPA-салонға бару өткізілетін бір күнтізбелік күнге тең.
4. Көрсетілетін қызметтер құны және есеп айырысулар тәртібі
4.1. Қызметтерді көрсету шарттарымен танысып, қызмет түрін таңдағаннан кейін, Тапсырыс беруші Орындаушыдан бекітілген нысанға сәйкес сауықтыру бағытындағы қызметтерді көрсетуге арналған Абонементті, Сыйлық сертификатын не бір реттік келуге арналған кассалық чекті сатып алады. 4.2. Абонементті, Сыйлық сертификатын немесе бір реттік келуге арналған кассалық чекті сатып алу үшін Тапсырыс беруші жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады және дербес деректерді өңдеуге келісім береді. Шарт жасасу және Абонементті, Сыйлық сертификатын Тапсырыс берушінің өкілі арқылы сатып алу кезінде, қосымша түрде қарапайым жазбаша нысанда ресімделген сенімхат ұсынылады, онда көрсетілген шартты жасасу құқығы (оның ішінде жария офертаны акцепттеу құқығы), сондай-ақ қызметтер үшін ақы төлеу құқығы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. 4.3. Қызметтер үшін ақы төлеу Тапсырыс беруші тарапынан 100% алдын ала төлем шарттарында Орындаушының кассасына қолма-қол ақшамен немесе Орындаушының кассасында орнатылған POS-терминал арқылы банк картасымен жүзеге асырылады. 4.4. Қызметтерге ақы төлеу күні ретінде қолма-қол ақша Орындаушының кассасына енгізілген күн немесе ақша қаражаты Орындаушының есеп айырысу шотына түскен күн есептеледі. 4.5. Қызметтер Тапсырыс беруші тарапынан толық көлемде төленген жағдайда ғана көрсетіледі. Осы Шарт бойынша Тапсырыс беруші үшін қызметтерге ақы төлеуді кез келген үшінші тұлғаның (сенімхат, тапсырма шарты негізінде) жүзеге асыруы Тапсырыс берушінің осы Шарт бойынша құқықтары мен міндеттерін өзгертпейді.
5. Орындаушының құқықтары мен міндеттері
5.1. Орындаушының міндеттері: 5.1.3. Орындаушы қызмет көрсету мерзімі ішінде Шарттың 3-бөлімі, қолданыстағы заңнамаға және қызмет көрсетудің таңдалған түрлеріне сәйкес және Тапсырыс беруші акцептеген шарттарға сәйкес жалпы сауықтыру қызметтерін 4-бөлімде көрсетілген әрекеттерді жасау жолымен көрсетуге міндеттенеді. 5.1.4. Қызмет көрсету уақытына жеке киімдер мен заттарды сақтауға арналған орын (құлыпталатын шкаф) ұсыну. 5.1.5. Орындаушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға осындай ақпарат пен дербес деректерді ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, құжаттарды толтыру кезінде алынған Тапсырыс беруші туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті. 5.1.6. Сапалы жалпы сауықтыру қызметтерін ұсыну. Көрсетілетін қызметтердің сапасын алдын алу және реттеу жөнінде уақтылы шаралар қабылдау. 5.1.8. Медициналық көмекті қажет ететін жағдайлар туындаған жағдайда Орындаушы жедел медициналық көмекті дереу шақыруға міндеттенеді. 5.2. Орындаушының Құқықтары: 5.2.1. Ауру белгілері бар адамдарды жүзу бассейніне жібермеуге, сондай-ақ Тапсырыс берушінің денсаулығына зиян келтіру қаупі туындаған жағдайда қызмет көрсетуді уақытша тоқтатуға, бұл туралы Тапсырыс берушіні хабардар ете отырып, қызметтерді әрі қарай көрсету мүмкіндігін анықтау үшін медициналық ұйымнан тексеруден өтуді ұсыну. 5.2.2. Кестені, жұмыс режимін (оның ішінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты) өз қалауы бойынша өзгертуге, бұл туралы Тапсырыс берушіні кез келген қолжетімді тәсілмен хабардар етуге. Авариялық жұмыстар жүргізілген жағдайда Тапсырыс берушіні алдын ала хабардар ету талап етілмейді. 5.2.3. Қызметтердің құнын кез келген уақытта өз қалауы бойынша өзгертуге, бұл ретте қызметтер құнының өзгеруі бұрын акцепттелген қызметтерге қолданылмайды. 5.2.4. SPA-салонның қағидаларын біржақты тәртіппен кез келген уақытта, оның ішінде мемлекеттік билік органдарының талаптарына байланысты және эпидемиологиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты өзгерту. Ақпарат Тапсырыс берушіге SPA-салонның ресми www.buddhaspa.kz сайты арқылы, сондай-ақ әкімші тұрағында орналастыру жолымен жеткізіледі. 5.2.5. Қызметкерлердің персоналдық құрамын Тапсырыс берушімен келісусіз ауыстыру. Бұл ретте қызметкерлердің персоналдық құрамын ауыстыру (жоспарлы немесе қажеттілікке байланысты, толық немесе ішінара, уақытша немесе тұрақты) Шартты өзгерту немесе бұзу үшін негіз болып табылмайды. 5.2.6. Тапсырыс берушінің алкогольдік, есірткілік немесе уытты мас күйінде екендігін айқын көрсететін белгілер болған жағдайда, не кез келген қару түрлерін, жарылғыш, жанғыш немесе уландырғыш заттарды алып кіруге әрекет жасаған кезде Тапсырыс берушінің SPA-салон үй-жайына кіруіне жол бермеуге. Қажет болған жағдайда Орындаушы ақпаратты құқық қорғау органдарына береді. 5.2.7. Тапсырыс беруші Шартта көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда шартты біржақты тәртіппен бұзу.
6. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері
6.1. Тапсырыс берушінің міндеттері: 6.1.1. SPA-салонға бару және қызметтер үшін ақы төлеу алдында Тапсырыс беруші Орындаушының қолданыстағы Офертасының редакциясын, SPA-салонға бару қағидаларын және қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ Орындаушының Сайтында орналастырылған қызметтер туралы ақпаратты өз бетінше зерделеуге міндетті. Осы Шартта көрсетілген қандай да бір ережелер Тапсырыс берушіге түсініксіз болып, Орындаушы тарапынан қосымша түсіндіруді талап ететін жағдайда, қызметтерді алуға кіріспеуге тиіс. 6.1.2. SPA-салонға бару кезінде, сондай-ақ бассейн аймағындағы су ішінде SPA-салонға бару қағидалары мен қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті. 6.1.3. Қызметтер көрсетіле бастағанға дейін Тапсырыс беруші осы Шарт шеңберінде Орындаушы көрсететін қызметтер бойынша қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын өзінің емдеуші дәрігерімен өз бетінше тексеруге (кеңес алуға) және Орындаушының талабы бойынша инфекциялық және өзге де ауруларға тексеру нәтижелері туралы анықтаманы ұсынуға міндетті. 6.1.7. Қоғамдық тәртіпті және жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтау және қолдау, басқа келушілерге, SPA-салон қызметкерлеріне құрметпен қарау, айналасындағыларға қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеу. 6.1.8. Өз денсаулығының жай-күйін өз бетінше және жауапкершілікпен бақылау. Созылмалы, жұқпалы, тері аурулары, сондай-ақ ішкі ағзалардың аурулары болған кезде SPA-салонға барудан бас тарту және басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу. 6.1.9. Жеке заттарға мұқият болу, оларды қараусыз қалдырмау, басқа адамдарға сеніп тапсырмау. Орындаушы Тапсырыс берушінің заттарын жоғалтқаны үшін жауап бермейді. 6.1.10. Орындаушының кез-келген жабдығын өз бетінше қоспау немесе өшірмеу. Қызметтік және өзге де техникалық үй-жайларға кірмеу, кез келген инженерлік-техникалық жабдықты өз бетінше реттемеу. 6.1.11. Қызмет көрсету кезінде ұялы телефондарды және өзге де байланыс құралдарын пайдаланбау. 6.1.12. Қызмет көрсеткеннен кейін қызмет көрсету үшін берілген мүлікті Орындаушыға қайтару, Орындаушының мүлкіне ұқыпты қарау. 6.1.13. Тапсырыс беруші шкафтың кілтін, гардеробтың нөмірін, пайдаланылатын спорттық мүкәммалды жоғалтқан жағдайда Тапсырыс берушіге залалдың құнын өтеу міндеті жүктеледі. 6.2. Тапсырыс беруші құқылы: 6.2.1. Тапсырыс беруші қызметтерді төлеген жағдайда, Spa-салонның жұмыс режиміне сәйкес Орындаушы ұсынатын қызметтерді таңдау және алу. 6.2.2. Осы офертаның шарттарына сәйкес орындаушыдан сапалы қызмет көрсетуді талап ету. SPA-салонның жұмысы және көрсетілетін қызметтер туралы қажетті және дұрыс ақпарат алу. 6.2.3. Тапсырыс беруші Орындаушыға осы Шартта көрсетілген қызметтер бойынша өз пікірлерін, ұсыныстары мен ұсынымдарын жіберуге құқылы.
7. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Тараптар осы Шартты орындамау немесе тиісінше орындамау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді. 7.2. Қызметтер көрсету кезеңінде Тапсырыс беруші Орындаушыға келтірген залал Тапсырыс берушінің өзі тарапынан тікелей Орындаушыға өтелуге жатады. Орындаушыға тиесілі кез келген жабдыққа немесе мүлікке келтірілген зақым үшін Тапсырыс беруші Орындаушыға оны бастапқы күйіне келтіру бойынша жұмыстардың құнын Орындаушының жөндеуге жұмсалған шығындарды растайтын құжаттарының негізінде өтейді немесе жөндеуге жатпайтын әрі жойылып кеткен мүліктің толық құнын ақшалай түрде өтейді. 7.3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор) туындаған жағдайда Орындаушы да, Тапсырыс беруші де жауапкершіліктен босатылады. Мұндай мән-жайлар туындаған Тарап олар туралы ақылға қонымды мерзімде және қолжетімді тәсілмен екінші Тарапты хабардар етуге міндетті. 7.4. Тапсырыс беруші өзінің денсаулық жағдайы үшін жауапкершілікті толық көлемде өзіне алады. Орындаушы Тапсырыс берушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік көтермейді. 7.5. Орындаушы Тапсырыс берушіге тиесілі мүліктің жоғалуына, бүлінуіне, зақымдануына немесе ұрлануына, сондай-ақ заттардың сақталуына жауап бермейді және Тапсырыс берушінің әрекеттері салдарынан теріс салдарларға әкеп соққан жағдайлар бойынша үшінші тұлғалар тарапынан Орындаушыға қойылған талаптар үшін жауап беруге міндетті емес. 7.6. Осы Шартты жасай отырып, Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде де, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін де, егер мұндай зиян Тапсырыс берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы/тиісінше орындамауы салдарынан, сондай-ақ оның ажырамас бөлігі болып табылатын кез келген құжаттың талаптарын бұзу нәтижесінде туындаған болса, Орындаушыдан моральдық немесе материалдық зиянның, не денсаулыққа келтірілген зиянның қандай да бір өтемақысын талап етуге құқығы жоқ екенімен келіседі.
8. Қорытынды ережелер
8.1. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады. 8.2. Шартты жасасуға, орындауға, өзгертуге, бұзуға, оның жарамдылығына немесе түсіндірілуіне байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктер, оның ішінде Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алу жағдайларында, сондай-ақ өзге де орындамау және (немесе) тиісінше орындамау жағдайларында туындайтын даулар Тараптардың келіссөздер жүргізу жолымен реттелуге тиіс. 8.3. Дауды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар міндетті талап қою тәртібін қолдануға келіседі. Талап жазбаша түрде ресімделеді және алынған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қаралуға жатады. Дауды реттеу мүмкін болмаған жағдайда, дау соттың қарауына беріледі. 8.4. Осы Шартқа қоса берілетін барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.
9. Орындаушының деректемелері
Заңды тұлға Steak Field ЖК БСН 841017300039 160000 ҚР, Шымкент қаласы, Қонаев,13
№1 Қосымша: МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қосымша ақпарат Вафельді халат – 25 000 теңге / 1 дана Моншаға арналған сүлгі – 15 000 теңге / 1 дана Бетке арналған сүлгі – 10 000 теңге / 1 дана Аяққа арналған сүлгі – 10 000 теңге / 1 дана Резеңке сланцы – 8 000 теңге / 1 дана
СПА-ға КЕЛУ КЕЗІНДЕГІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Біздің сайт интернет-эквайрингке қосылған, және Сіз Visa немесе Mastercard банктік карталары арқылы қызметтің ақысын төлей аласыз. Таңдалған Тауарды немесе қызметті растағаннан кейін процессинг орталығы CloudPayments-тің төлем беті бар қорғалған терезе ашылады, онда Сізге өз банктік картаңыздың деректерін енгізу қажет болады. Карта ұстаушыны қосымша аутентификациялау үшін 3-D Secure хаттамасы қолданылады. Егер Сіздің картаңызды шығарған банк (банк-эмитент) осы технологияны қолдайтын болса, қосымша сәйкестендіруден өту үшін Сіз сол банктің серверіне қайта бағытталасыз. Қосымша сәйкестендірудің қағидалары мен тәсілдері туралы ақпаратты банктік картаңызды берген банктен нақтылауыңызды сұраймыз. Онлайн төлем қызметі Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің қағидаларына сәйкес, төлем жасау кезінде құпиялылық пен қауіпсіздікті сақтау қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Осы мақсатта деректерді тексерудің, шифрлаудың және жабық байланыс арналары арқылы берудің ең заманауи әдістері қолданылады. Банктік карта деректерін енгізу CloudPayments төлем бетінің қорғалған терезесінде жүзеге асырылады. Төлем бетінде келесі деректерді енгізу қажет: картаның нөмірі, карта иесінің аты-жөні, картаның жарамдылық мерзімі, үш таңбалы қауіпсіздік коды (VISA үшін — CVV2, MasterCard үшін — CVC2). Барлық қажетті деректер банктік картаның бетінде көрсетілген. CVV2 / CVC2 — картаның артқы бетінде орналасқан үш таңбалы қауіпсіздік коды. Одан кейін сол терезеде 3-D Secure кодын енгізу үшін Сіздің банк-эмитентіңіздің беті ашылады. Егер Сізде статикалық 3-D Secure бапталмаған болса, код SMS хабарлама арқылы Сіздің телефон нөміріңізге жіберіледі. Егер 3-D Secure коды Сізге келмесе, банк-эмитентке жүгіну қажет. 3-D Secure — интернет желісінде банктік карталар арқылы жасалатын төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең заманауи технологиясы. Ол операцияны жүзеге асыратын карта ұстаушысының түпнұсқалығын нақты айқындауға мүмкіндік береді және карта бойынша алаяқтық операциялар қаупін барынша азайтады.
Қауіпсіздік кепілдігі
CloudPayments процессинг орталығы сіздің банктік картаңыздың деректерін PCI DSS 3.0 қауіпсіздік стандарты бойынша қорғайды және өңдейді. Ақпаратты төлем шлюзіне беру SSL шифрлау технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ақпаратты одан әрі беру сенімділіктің ең жоғары деңгейіне ие жабық банктік желілер арқылы жүзеге асырылады. CloudPayments сіздің картаңыздың деректерін бізге және басқа үшінші тұлғаларға бермейді. Карта ұстаушысының қосымша аутентификациясы үшін 3-D Secure хаттамасы қолданылады. Егер Сізде жасалған төлем бойынша сұрақтарыңыз болса, төлем сервисінің клиенттерді қолдау қызметіне support@cloudpayments.kzэлектрондық пошта арқылы хабарласа аласыз.
Онлайн-төлемдердің қауіпсіздігі
Сіз ұсынған дербес ақпарат (аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірі, e-mail, кредиттік карта нөмірі) құпия болып табылады және жария етілмейді. Сіздің кредиттік картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және біздің веб-серверде сақталмайды. Онлайн төлемдерді жүзеге асыру үшін браузеріңіздің жеткілікті деңгейде қауіпсіз екеніне көз жеткізуді арнайы бетте тексеруді ұсынамыз. Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне «CloudPayments Kazakhstan» ЖШС кепілдік береді. Төлем карталарымен жасалатын барлық операциялар VISA International, MasterCard және басқа да төлем жүйелерінің талаптарына толық сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру кезінде карточкалық онлайн-төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы технологиялар қолданылады, ал деректерді өңдеу процессингтік компанияның қауіпсіз, жоғары технологиялық серверінде жүргізіледі. Төлем карталарымен төлеу қауіпсіз, себебі: • Авторизация жүйесі сатып алушыға оның төлем картасының реквизиттері (нөмірі, жарамдылық мерзімі, CVV2/CVC2) алаяқтардың қолына түспейтінін кепілдендіреді, себебі бұл деректер авторизация серверінде сақталмайды және ұрлануы мүмкін емес. • Сатып алушы өз төлем деректерін интернет-дүкеннің сайтында емес, тікелей CloudPayments авторизация жүйесінде енгізеді, соның нәтижесіндесатып алушының карталық төлем деректемелері үшінші тұлғаларға қолжетімді болмайды.
Ақша қаражатын қайтару
Төлем карталары арқылы онлайн-төлем жүргізу кезінде қолма-қол ақшамен қайтаруға жол берілмейді. Қайтару тәртібі халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен реттеледі: 1. Тұтынушы тауарды бергенге дейін кез келген уақытта бас тартуға құқылы, тауарды бергеннен кейін бас тартуды 14 күн ішінде ресімдеу қажет; 2. Егер оның тауарлық түрі, тұтыну қасиеттері, сондай-ақ аталған тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын құжат сақталған жағдайда, тиісті сападағы тауарды қайтару мүмкін болады; 3. Егер көрсетілген тауарды тек оны сатып алатын адам ғана пайдалана алатын болса, тұтынушы жеке-белгілі бір қасиеттері бар тиісті сападағы тауардан бас тартуға құқылы емес; 4. Тұтынушы тарапынан тауардан бас тартқан кезде сатушы тұтынушы тиісті талап қойған күннен бастап он күннен кешіктірмей тұтынушы төлеген ақшалай соманы оған қайтаруға тиіс. Банктік картаға ақшалай қаражатты қайтару үшін Компанияның талабы бойынша электрондық пошта арқылы жіберілетін «Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті» толтыру қажет және оны жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса тіркей отырып info@buddhaspa.kzэлектрондық поштасына жолдау қажет. Ақшалай қаражатты қайтару Компания «Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті» алған күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде банктік картаға жүзеге асырылады. Қате жүргізілген операциялар бойынша ақшалай қаражатты қайтару үшін жазбаша өтініш пен жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ қате есептен шығаруды растайтын чектерді/түбіртектерді қоса тіркеп, info@buddhaspa.kz электрондық поштасына жолдау қажет. Қайтарылатын сома сатып алу сомасына тең болады. Өтінішті қарау және ақшалай қаражатты қайтару мерзімі Компания Өтінішті алған сәттен бастап есептеледі және мереке және демалыс күндерін есепке алмағанда, жұмыс күндерімен айқындалады.. Төлем жасаудан бас тарту жағдайлары: • банктік карта интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, бұл туралы картаңызды шығарған банкке (банк-эмитентке) жүгіну арқылы білуге болады; • банктік картада төлем жасау үшін жеткілікті қаражат жоқ. Картадағы қаражаттың бар-жоғы туралы толық ақпаратты банктік картаны шығарған банкке жүгіну арқылы біле аласыз; • банктік картаның деректері қате енгізілген; • банктік картаның қолданылу мерзімі аяқталған. Картаның жарамдылық мерзімі, әдетте, картаның алдыңғы бетінде (айы мен жылы) көрсетіледі. Қолданылу мерзімі туралы толығырақ ақпаратты банк-эмитенттен нақтылауға болады. Банктік карта арқылы төлем жасау және сайттың жұмысына байланысты басқа да мәселелер бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +7 (701) 989 80 01
Құпиялылық
1. buddhaspa.kz интернет-жобасының (бұдан әрі — URL, «біз») әкімшілігі өз клиенттері мен buddhaspa.kz сайтына кірушілердің (бұдан әрі — «сіз», «сайтқа кірушілер») ақпараттық құпиялылығы мәселесіне аса жауапкершілікпен қарайды. Біз дербестендірілген ақпарат деп сайтқа кірушінің дербес деректерін қамтитын мәліметтерді (мысалы: аты-жөні, логині немесе компания атауы), сондай-ақ сіздің URL сайтында жасайтын әрекеттеріңіз туралы ақпаратты (мысалы: сайтқа кірушінің байланыс деректері көрсетілген тапсырысы) атаймыз. Ал анонимді деректер деп нақты бір сайтқа кірушіні бірмәнді түрде сәйкестендіру мүмкін болмайтын мәліметтерді (мысалы: сайтқа кіру статистикасы) атаймыз.
2. Ақпаратты пайдалану Біз сайттың нақты бір келушісінің дербестендірілген ақпаратын оған қызметтерді сапалы түрде көрсету және оларды есепке алу мақсатында ғана пайдаланамыз. Біз URL сайтының бір келушісінің персонификацияланған деректерін осы сайттың өзге келушілеріне жарияламаймыз. Біз дербестендірілген ақпаратты ешқашан ашық қолжетімді түрде жарияламаймыз және оны үшінші тұлғаларға бермейміз. Мұндай ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндеттелген жағдайлар ғана ерекшелік болып табылады. Біз тек жиналған анонимді деректердің негізінде қалыптастырылған есептерді жариялаймыз және таратамыз. Бұл ретте мұндай есептерде пайдаланушылардың дербес деректерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат болмайды. Сондай-ақ біз анонимді деректерді URL өнімдері мен қызметтерін дамыту мақсатында жүргізілетін ішкі талдау үшін пайдаланамыз.
3. Сілтемелер buddhaspa.kz сайты біздің компанияға қатысы жоқ және үшінші тұлғаларға тиесілі өзге сайттарға сілтемелерді қамтуы мүмкін. Біз үшінші тұлғалардың сайттарында орналастырылған мәліметтердің дәлдігіне, толықтығына және шынайылығына жауап бермейміз, сондай-ақ мұндай сайттарда Сіз қалдырған ақпараттың құпиялылығының сақталуына қатысты қандай да бір міндеттемелерді өз мойнымызға алмаймыз..
4. Жауапкершілікті шектеу Біз осы құпиялылық саясатын сақтау үшін барлық мүмкін шараларды қолданамыз, алайда біздің ықпалымыздан тыс факторлардың әсері салдарынан ақпараттың жария болып кетуі орын алған жағдайда, ақпараттың толық сақталуына кепілдік бере алмаймыз. buddhaspa.kz сайты және онда орналастырылған барлық ақпарат «қолда бар күйінде» қағидаты бойынша, қандай да бір кепілдіктерсіз ұсынылады. Біз URL сайтына қолжетімділіктің шектелуі салдарынан немесе сайтқа кіру және онда орналастырылған ақпаратты пайдалану нәтижесінде туындаған қолайсыз салдарлар, сондай-ақ кез келген залал үшін жауапкершілік көтермейміз.
5. Байланыс деректері Осы саясатқа қатысты мәселелер бойынша мына мекенжайға хабарласуыңызды өтінеміз: info@buddhaspa.kz Заңды тұлға Steak Field ЖК БСН 841017300039 160000 ҚР, Шымкент қаласы, Қонаев,13
Дербес деректерді өңдеуге қатысты саясат
1. Жалпы ережелер Осы дербес деректерді өңдеу саясаты Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының (бұдан әрі — Дербес деректер туралы Заң) талаптарына сәйкес әзірленді және Конвай Титиркан (бұдан әрі — Оператор) жүзеге асыратын дербес деректерді өңдеу тәртібін, сондай-ақ дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қабылданатын шараларды айқындайды. 1.1. Оператор өз қызметін жүзеге асырудың басты мақсаты мен негізгі шарты ретінде дербес деректерді өңдеу кезінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде жеке өмірге қол сұқпаушылыққа, жеке және отбасылық құпияны қорғауға деген құқықтарын сақтауды белгілейді. 1.2. Осы оператордың дербес деректерді өңдеуге қатысты саясаты (бұдан әрі-Саясат) оператордың https://buddhaspa.kz веб-сайтына кірушілер туралы ала алатын барлық ақпаратына қолданылады.
2. Саясатта пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2.1. Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу – есептеу техникасы құралдарының көмегімен дербес деректерді өңдеу. 2.2. Дербес деректерді бұғаттау – дербес деректерді өңдеуді уақытша тоқтату (өңдеу дербес деректерді нақтылау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда). 2.3. Веб-сайт – графикалық және ақпараттық материалдардың, сондай-ақ компьютерлер мен дерекқорларға арналған бағдарламалардың жиынтығы, олардың желілік https://buddhaspa.kz мекенжайы бойынша интернет желісінде қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 2.4. Дербес деректердің ақпараттық жүйесі — деректер базаларында қамтылған дербес деректердің жиынтығы және оларды өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың кешені. 2.5. Дербес деректерді дараландырмау — қосымша ақпаратты пайдаланбай-ақ дербес деректердің нақты Пайдаланушыға немесе дербес деректердің өзге де субъектісіне тиесілігін айқындау мүмкін болмайтын әрекеттер. 2.6. Дербес деректерді өңдеу — автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе оларды пайдаланбай жүзеге асырылатын дербес деректермен жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттердің (операциялардың) жиынтығы, оның ішінде жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қолжетімді ету), дараландырмау, бұғаттау, жою, дербес деректерді жою, құрту. 2.7. Оператор – дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыратын және (немесе) жүзеге асыратын, сондай-ақ дербес деректерді өңдеудің мақсаттарын, өңдеуге жататын дербес деректердің құрамын, дербес деректермен жасалатын әрекеттерді (операцияларды) айқындайтын мемлекеттік орган, муниципалдық орган, заңды немесе жеке тұлға. 2.8. Дербес деректер - https://buddhaspa.kz веб-сайттың белгілі бір немесе анықталған пайдаланушысына тікелей немесе жанама қатысты кез келген ақпарат. 2.9. Дербес деректер субъектісі таратуға рұқсат берген дербес деректер — дербес деректер туралы заңда көзделген тәртіппен дербес деректерді өңдеуге келісім беру арқылы дербес деректер субъектісі қолжетімділігі шектеусіз тұлғалар тобына ашуға рұқсат берген дербес деректер (бұдан әрі — таратуға рұқсат етілген дербес деректер). 2.10. Пайдаланушы – https://buddhaspa.kz веб-сайтына кез келген келуші. 2.11. Дербес деректерді ұсыну — дербес деректерді белгілі бір тұлғаға немесе белгілі бір тұлғалар тобына ашуға бағытталған әрекеттер. 2.12. Дербес деректерді тарату — дербес деректерді айқындалмаған тұлғалар тобына ашуға (дербес деректерді беруге) немесе шектеусіз тұлғалар тобының дербес деректермен танысуына бағытталған кез келген әрекеттер, оның ішінде дербес деректерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде орналастыру немесе дербес деректерге өзге де тәсілдермен қолжетімділік беру. 2.13. Дербес деректерді трансшекаралық беру — дербес деректерді шет мемлекеттің аумағына, шет мемлекеттің мемлекеттік органына, шетелдік жеке тұлғаға немесе шетелдік заңды тұлғаға беру. 2.14. Дербес деректерді жою — дербес деректердің ақпараттық жүйесінде дербес деректердің мазмұнын одан әрі қалпына келтіру мүмкіндігінсіз дербес деректерді қайтарымсыз жоюға әкеп соғатын кез келген әрекеттер және (немесе) дербес деректердің материалдық тасымалдағыштарын жою.
3. Оператордың негізгі құқықтары мен міндеттері
3.1. Оператордың келесі құқығы бар: – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді қамтитын дұрыс ақпаратты және/немесе құжаттарды алуға; - дербес деректер субъектісі дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алған жағдайда, Оператор Дербес деректер туралы Заңда көрсетілген негіздер болған кезде Дербес деректер субъектісінің келісімінсіз дербес деректерді өңдеуді жалғастыруға құқылы; – егер Дербес деректер туралы Ззаңда немесе басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, Дербес деректер туралы Заңда және оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерде көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті және жеткілікті шаралардың құрамы мен тізбесін дербес айқындау. 3.2. Оператор міндетті: - Дербес деректер субъектісіне оның өтініші бойынша оның дербес деректерін өңдеуге қатысты ақпарат беруге; - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға; – Дербес деректер туралы Заңның талаптарына сәйкес дербес деректер субъектілерінің және олардың заңды өкілдерінің өтініштері мен сұрауларына жауап беруге; - осы органның сұрау салуы бойынша дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға осындай сұрау салуды алған күннен бастап 30 күн ішінде қажетті ақпаратты хабарлауға; - дербес деректерді өңдеуге қатысты осы Саясатқа шектеусіз қол жеткізуді жариялау немесе өзге де жолмен қамтамасыз етуге; – дербес деректерді оларға заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, дербес деректерді жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, ұсынудан, таратудан, сондай-ақ дербес деректерге қатысты өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қабылдауға; – дербес деректерді беруді (таратуды, ұсынуды, қол жеткізуді) тоқтату, дербес деректер туралы заңда көзделген тәртіппен және жағдайларда дербес деректерді өңдеуді тоқтату және жоюға; – Дербес деректер туралы заңда көзделген өзге де міндеттерді орындауға.
4. Дербес деректер субъектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттері
4.1. Дербес деректердің субъектілері мынаған құқылы: – федералдық заңдармен көзделген жағдайларды қоспағанда, өз дербес деректерінің өңделуіне қатысты ақпаратты алуға. Мұндай мәліметтер дербес деректер субъектісіне Оператор тарапынан қолжетімді нысанда ұсынылады және оларда дербес деректерді ашуға заңды негіздер болған жағдайларды қоспағанда, дербес деректердің басқа субъектілеріне қатысты дербес деректер қамтылмауға тиіс. Ақпараттың тізбесі мен оны алу тәртібі Дербес деректер туралы Заңмен белгіленеді; – Оператордан өз дербес деректерін нақтылауды, егер дербес деректер толық емес, ескірген, дәл емес, заңсыз алынған немесе өңдеудің мәлімделген мақсаты үшін қажет емес болған жағдайда, оларды бұғаттауды немесе жоюды талап етуге, сондай-ақ өз құқықтарын қорғау үшін заңда көзделген шараларды қолдануға; – тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді нарықта ілгерілету мақсатында дербес деректерді өңдеу кезінде алдын ала келісім беру шартын қоюға; – дербес деректерді өңдеуге берген келісімін қайтарып алуға; – өз дербес деректерін өңдеу кезінде Оператордың заңсыз әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға немесе сот тәртібімен шағым жасауға; – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға. 4.2. Дербес деректердің субъектілері мынаған міндетті: -Операторға өзі туралы сенімді деректерді ұсыну; - Операторға өзінің дербес деректерін нақтылау (жаңарту, өзгерту) туралы хабарлау. 4.3. Операторға өзі туралы анық емес мәліметтерді не дербес деректердің басқа субъектісі туралы мәліметтерді соңғысының келісімінсіз берген адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Оператор Пайдаланушының келесі дербес деректерін өңдей алады
5.1. Тегі, аты, әкесінің аты. 5.2. Электрондық пошта мекенжайы. 5.3. Телефон нөмірлері. 5.4. Сондай-ақ сайтта интернет-статистика сервистерінің (оның ішінде Яндекс Метрика, Гугл Аналитика және өзге де сервистер) көмегімен келушілер туралы дараландырылмаған деректер (соның ішінде «cookie» файлдары) жиналады және өңделеді. 5.5. Жоғарыда аталған деректер осы Саясаттың мәтіні бойынша әрі қарай Дербес деректер деген ортақ ұғыммен біріктіріледі. 5.6. Нәсілдік, ұлттық тиесілілікке, саяси көзқарастарға, діни немесе философиялық нанымдарға, интимдік өмірге қатысты дербес деректердің арнайы санаттарын өңдеуді Оператор жүзеге асырмайды. 5.7. Дербес деректер туралы Заңның 10-бабының 1-бөлігінде көрсетілген дербес деректердің арнайы санаттарына жататын, таратуға рұқсат етілген дербес деректерді өңдеуге, егер Дербес деректер туралы заңның 10.1-бабында көзделген тыйымдар мен шарттар сақталған жағдайда, жол беріледі. 5.8. Пайдаланушының таратуға рұқсат етілген дербес деректерді өңдеуге келісімі оның дербес деректерін өңдеуге берілген өзге келісімдерден бөлек ресімделеді. Бұл ретте, оның ішінде Дербес деректер туралы Заңның 10.1-бабында көзделген шарттар сақталады. Мұндай келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
5.8.1. Таратуға рұқсат етілген дербес деректерді өңдеуге келісімді Пайдаланушы Операторға тікелей береді. 5.8.2. Оператор Пайдаланушының көрсетілген келісімін алған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей таратуға рұқсат етілген дербес деректерді шектеусіз тұлғалар тобының өңдеу шарттары, өңдеуге қойылған тыйымдардың және шарттардың бар екендігі туралы ақпаратты жариялауға міндетті. 5.8.3. Дербес деректер субъектісі таратуға рұқсат берген дербес деректерді беру (тарату, ұсыну, қолжетімді ету) субъектінің талабы бойынша кез келген уақытта тоқтатылуға тиіс. Мұндай талапта дербес деректер субъектісінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы немесе пошталық мекенжай), сондай-ақ өңделуі тоқтатылуға жататын дербес деректердің тізбесі көрсетілуі тиіс. Аталған талапта көрсетілген дербес деректер тек талап жолданған Оператор тарапынан ғана өңделуі мүмкін. 5.8.4. Таратуға рұқсат етілген дербес деректерді өңдеуге берілген келісім осы Саясаттың 5.8.3-тармағында көрсетілген талап Операторға келіп түскен сәттен бастап дербес деректерді өңдеуге қатысты өзінің қолданылуын тоқтатады.
6. Дербес деректерді өңдеу қағидаттары
6.1. Дербес деректерді өңдеу заңды және әділ негізде жүзеге асырылады. 6.2. Дербес деректерді өңдеу нақты, алдын-ала анықталған және заңды мақсаттарға жетумен шектеледі. Дербес деректерді жинау мақсаттарына сәйкес келмейтін дербес деректерді өңдеуге жол берілмейді. 6.3. Өңдеу бір-бірімен үйлеспейтін мақсаттарда жүзеге асырылатын дербес деректерді қамтитын дерекқорларды біріктіруге жол берілмейді. 6.4. Оларды өңдеу мақсаттарына жауап беретін дербес деректер ғана өңдеуге жатады. 6.5. Өңделетін дербес деректердің мазмұны мен көлемі көрсетілген өңдеу мақсаттарына сәйкес келеді. Өңделетін дербес деректердің оларды өңдеудің мәлімделген мақсаттарына қатысты артықтығына жол берілмейді. 6.6. Дербес деректерді өңдеу кезінде дербес деректердің дәлдігі, олардың жеткіліктілігі, ал қажет болған жағдайда дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қатысты өзектілігі қамтамасыз етіледі. Оператор толық емес немесе дәл емес деректерді жою немесе нақтылау бойынша қажетті шараларды қабылдайды және/немесе олардың қабылдануын қамтамасыз етеді. 6.7. Дербес деректер дербес деректер субъектісін айқындауға мүмкіндік беретін нысанда, егер дербес деректерді сақтау мерзімі дербес деректер субъектісі тарап болып табылатын, пайда алушысы немесе кепілгері болып табылатын шартпен не заңмен белгіленбеген болса, дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен аспайтын уақыт бойы сақталады. Өңделіп жатқан дербес деректер өңдеу мақсаттарына қол жеткізілгеннен кейін немесе осы мақсаттарға қол жеткізу қажеттілігі жойылған жағдайда, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, жойылуға немесе дараландырылмауға жатады.
7. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары
7.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу мақсаттары: - электрондық хаттарды жіберу арқылы Пайдаланушыны хабардар ету; - азаматтық-құқықтық шарттарды жасасу, орындау және тоқтату; - Пайдаланушыға https://buddhaspa.kz веб - сайтта қамтылған сервистерге, ақпаратқа және/немесе материалдарға қол жеткізуді қамтамасыз ету. 7.2. Сондай-ақ, Оператор пайдаланушыға жаңа өнімдер мен қызметтер, арнайы ұсыныстар және әртүрлі оқиғалар туралы хабарламалар жіберуге құқылы. Пайдаланушы әрқашан операторға info@buddhaspa.kz электрондық пошта мекенжайына «Жаңа өнімдер мен қызметтер және арнайы ұсыныстар туралы хабарламалардан бас тарту» деген белгімен хат жіберу арқылы ақпараттық хабарламаларды алудан бас тарта алады. 7.3. Интернет-Статистика қызметтерінің көмегімен жиналған пайдаланушылардың иесіздендірілген деректері сайттағы Пайдаланушылардың іс-әрекеттері туралы ақпарат жинауға, сайттың сапасын және оның мазмұнын жақсартуға қызмет етеді.
8. Дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздері
8.1. Оператор тарапынан дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздері: - Оператордың жарғылық құжаттары; - федералдық заңдар, дербес деректерді қорғау саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілер; - Пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеуге, таратуға рұқсат етілген дербес деректерді өңдеуге келісімі. 8.2. Оператор Пайдаланушының дербес деректерін оларды толтырған және/немесе Пайдаланушы https://buddhaspa.kz сайтта орналасқан арнайы нысандар арқылы өз бетінше жіберген жағдайда ғана өңдейді немесе операторға электрондық пошта арқылы жіберіледі. Тиісті нысандарды толтыру және/немесе Операторға өзінің жеке мәліметтерін жіберу арқылы Пайдаланушы осы Саясатқа келісімін білдіреді. 8.3. Оператор пайдаланушының браузерлерінің баптауларында рұқсат етілген жағдайда Пайдаланушының иесіздендірілген деректерін өңдейді («cookie»файлдарын сақтау және JavaScript технологиясын пайдалану кіреді). 8.4. Дербес деректер субъектісі өзінің дербес деректерін беру туралы шешімді дербес қабылдайды және еркін, өз еркімен және өз мүддесі үшін келісім береді.
9. Дербес деректерді өңдеу шарттары
9.1. Дербес деректерді өңдеу дербес деректер субъектісінің оның дербес деректерін өңдеуге келісімімен жүзеге асырылады. 9.2. Дербес деректерді өңдеу сот төрелігін жүзеге асыру, сот актісін, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес орындалуға жататын басқа органның немесе лауазымды адамның актісін орындау үшін қажет. 9.4. Дербес деректерді өңдеу дербес деректер субъектісі тарап болып табылатын, пайда алушысы немесе кепілгері болып табылатын шартты орындау үшін, сондай-ақ дербес деректер субъектісінің бастамасы бойынша шарт жасасу немесе дербес деректер субъектісі пайда алушысы немесе кепілгері болып табылатын шартты жасасу үшін қажет. 9.5. Дербес деректерді өңдеу Оператордың немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру үшін не қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет, бұл ретте дербес деректер субъектісінің құқықтары мен бостандықтары бұзылмауға тиіс. 9.6. Дербес деректер субъектісі өз келісімімен немесе оның өтініші бойынша шектеусіз тұлғалар тобына қолжетімділік берген дербес деректерді (бұдан әрі — жалпыға қолжетімді дербес деректер) өңдеу жүзеге асырылады. 9.7. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жариялануға немесе міндетті түрде ашылуға жататын дербес деректерді өңдеу жүзеге асырылады.
10. Дербес деректерді жинау, сақтау, беру және өңдеудің басқа да түрлерінің тәртібі
Оператор өңдейтін дербес деректердің қауіпсіздігі дербес деректерді қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарын толық көлемде орындау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды іске асыру жолымен қамтамасыз етіледі. 10.1. Оператор дербес деректердің сақталуын қамтамасыз етеді және уәкілетті емес тұлғалардың дербес деректеріне қол жеткізуін болдырмайтын барлық мүмкін шараларды қабылдайды. 10.2. Қолданылып жүрген заңнаманы орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда не егер дербес деректер субъектісі операторға азаматтық-құқықтық шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін деректерді үшінші тұлғаға беруге келісім берген жағдайда, Пайдаланушының дербес деректері ешқашан, ешбір жағдайда үшінші тұлғаларға берілмейді. 10.3. Дербес деректерде дәлсіздіктер анықталған жағдайда, Пайдаланушы оларды Оператордың info@buddhaspa.kz электрондық пошта мекенжайына «Дербес деректерді өзектендіру» деген белгімен хабарлама жолдау арқылы өз бетінше өзектендіре алады. 10.4. Дербес деректерді өңдеу мерзімі, егер шартта немесе қолданыстағы заңнамада өзгеше мерзім көзделмесе, дербес деректер жиналған мақсаттарға қол жеткізумен айқындалады. Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге берген келісімін кез келген уақытта Оператордың info@buddhaspa.kz электрондық пошта мекенжайына «Дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алу» деген белгімен хабарлама жолдау арқылы кері қайтарып алуға құқылы. 10.5. Бөгде сервистер, оның ішінде төлем жүйелері, байланыс құралдары және өзге де қызмет көрсетушілер жинайтын барлық ақпарат көрсетілген тұлғалар (Операторлар) тарапынан олардың Пайдаланушылық келісімдері мен Құпиялылық саясатына сәйкес сақталады және өңделеді. Дербес деректер субъектісі және (немесе) Пайдаланушы аталған құжаттармен өз бетінше және уақтылы танысуға міндетті. Оператор үшінші тұлғалардың, оның ішінде осы тармақта көрсетілген қызмет көрсетушілердің әрекеттері үшін жауапкершілік көтермейді. 10.6. Дербес деректер субъектісі белгілеген таратуға рұқсат етілген дербес деректерді беруге (қол жеткізуді ұсынудан басқа), сондай-ақ өңдеуге немесе өңдеу шарттарына (қол жеткізуді алудан басқа) тыйым салу РФ заңнамасында белгіленген мемлекеттік, қоғамдық және басқа да қоғамдық мүдделерде дербес деректерді өңдеу жағдайында қолданылмайды. 10.7. Оператор дербес деректерді өңдеу кезінде дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. 10.8. Оператор дербес деректерді сақтауды дербес деректер субъектісін айқындауға мүмкіндік беретін нысанда, егер дербес деректерді сақтау мерзімі тарапы, пайда алушы немесе кепілгер дербес деректер субъектісі болып табылатын федералдық заңда, шартта белгіленбесе, дербес деректерді өңдеу мақсаттары талап ететіннен аспайтын мерзімде жүзеге асырады. 10.9. Дербес деректерді өңдеуді тоқтату шарты дербес деректерді өңдеумақсаттарына қол жеткізу, дербес деректер субъектісінің келісімінің қолданылу мерзімінің аяқталуы немесе дербес деректер субъектісінің келісімін кері қайтарып алу, сондай-ақ дербес деректерді заңсыз өңдеуді анықтау болып табылуы мүмкін.
11. Алынған дербес деректермен Оператор жүргізетін іс-қимылдар тізбесі
11.1. Оператор дербес деректерді жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды, пайдалануды, беруді (таратуды, беруді, қол жеткізуді), иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды және жоюды жүзеге асырады. 11.2. Оператор ақпараттық-телекоммуникациялық желілер бойынша алынған ақпаратты ала отырып және/немесе бере отырып немесе онсыз дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуді жүзеге асырады.
12. Дербес деректерді трансшекаралық беру
12.1. Оператор дербес деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыру басталғанға дейін аумағына дербес деректерді беруді жүзеге асыру болжанатын шет мемлекеттің дербес деректер субъектілерінің құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ететініне көз жеткізуге міндетті. 12.2. Жоғарыда көрсетілген талаптарға жауап бермейтін шет мемлекеттердің аумағында дербес деректерді трансшекаралық беру дербес деректер субъектісінің оның дербес деректерін трансшекаралық беруге жазбаша нысанда келісімі болған және/немесе дербес деректер субъектісі соның тарапы болып табылатын шартты орындаған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
13. Дербес деректердің құпиялылығы
Оператор және дербес деректерге қол жеткізген өзге де тұлғалар, егер федералдық заңда өзгеше көзделмесе, дербес деректер субъектісінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етпеуге және дербес деректерді таратпауға міндетті.
14. Қорытынды ережелер
14.1. Пайдаланушы операторға info@buddhaspa.kz электрондық поштасы арқылы хабарласу арқылы өзінің дербес деректерін өңдеуге қатысты қызықтыратын мәселелер бойынша кез келген түсініктеме ала алады. 14.2. Бұл құжатта оператордың дербес деректерді өңдеу саясатындағы кез келген өзгерістер көрсетіледі. Саясат жаңа нұсқамен ауыстырылғанға дейін мерзімсіз жұмыс істейді. 14.3. Еркін қол жетімділіктегі саясаттың өзекті нұсқасы Интернет желісінде https://buddhaspa.kz/ мекенжайында орналасқан
«Buddha Spа» Спа Салонында жалпы сауықтыру қызметтерін көрсетуге арналған шартты жасасу туралы ЖАРИЯ ОФЕРТА
Осы Оферта жарияланған күнінен бастап қолданылады – 06.12.2023ж.Бұл құжат Steak Field ЖК (бұдан әрі – «Орындаушы») ресми ұсынысы (жария оферта) болып табылады және «Buddha Ѕра» Спа Салонында жалпы сауықтыру қызметтерін көрсетудің барлық маңызды шарттарын қамтиды. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 395-бабының 5-тармағына сәйкес төменде баяндалған шарттар қабылданған және қызметтерге ақы төленген жағдайда осы офертаның акцептін жүргізетін жеке тұлға, заңды тұлға, сондай-ақ дара кәсіпкер Сатып алушы болады (ҚР АК-нің 396-бабының 3-тармағына сәйкес оферта акцепті оферта баяндалған талаптармен шарт жасасуға тең). Осы офертаның шарттарын толық әрі сөзсіз қабылдау (акцепт) Тапсырыс берушінің Орындаушы ұсынған қызметтер үшін осы Офертада айқындалған тәртіппен ақы төлеуді жүзеге асыруы болып табылады.Жоғарыда аталғанға байланысты, аталған жария офертаның мәтінімен мұқият танысуды ұсынамыз және қандай да бір тармағымен келіспеген жағдайда, Орындаушы Сізге офертаны акцепттеуден бас тартуды ұсынады. Жария оферта, оған қоса берілетін қосымшалар мен толықтырулар ресми құжаттар болып табылады және танысу үшін қолжетімді жерде — «Buddha Spa» SPA Салонының (бұдан әрі мәтін бойынша — SPA-салон) әкімші үстелшесінде, сондай-ақ SPA-салонның www.buddhaspa.kz ресми сайтында орналастырылады.
Осы офертада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Орындаушы – Steak Field ЖК SPA-салон объектілері - Орындаушыға тиесілі объектілер, оның ішінде SPA-салон аумағы. Бассейн – «Buddha Ѕра» SPA-салонының ғимаратында орналасқан,жалпы ауданы 41,66 (қырық бір бүтін 66/100) шаршы метр, тереңдігі 1,6 (бір бүтін 6/10) метр жүзу бассейні. Тапсырыс беруші (Келуші) - еркін ерік білдіру негізінде әрекет ететін кез келген жеке тұлға. Тапсырыс берушінің өкілі – қарапайым жазбаша нысанда ресімделген сенімхат негізінде Тапсырыс берушінің атынан әрекет ететін тұлға. Қызметтер – Орындаушының «Buddha Ѕра» SPA-салонында жалпы сауықтыру қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі қызметі. Қызмет сапасы – оның жалпы сауықтыру қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін анықтайтын қызмет сипаттамаларының жиынтығы. Сыйлық сертификаты – Сатушының өз қалауымен таңдалатын нысанда (қағаз түріндегі сертификат / электрондық құжат – «Виртуалды сыйлық сертификаты», «ВСC») шығарылатын, дербестендірілмеген құжат болып табылады. Ол бірегей деректемелерді (QR-код, номинал, қолданылу мерзімі және т.б.) қамтиды және сертификатты шығарушы/таратушы тұлғадан – Сатушыдан осы сертификаттың номиналдық құнына тең сомаға қызметтерді сатып алуға оның иесіне (ұстаушысына) құқық беретінін растайды. Жұмыс режимі – SPA салоны келуге ашық күндер мен сағаттар. Жұмыс режимі ресми www.buddhaspa.kz сайтта орналастырылған. Техникалық үзіліс – тазалау және санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында SPA-салонының, сондай-ақ SPA аймағындағы үй-жайлардың жұмысындағы үзілістер. Техникалық үзілістердің саны мен олардың ұзақтығы санитарлық нормалар мен қағидаларға сәйкес айқындалады. «Buddha Spa» SPA-салонына бару ережелері — байссейні бар SPA-аймаққа бару кезіндегі мінез-құлық қағидалары мен қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдары белгілеген және SPA-салонға келушілердің орындауы міндетті эпидемияға қарсы талаптар мен ұсынымдарды қамтитын құжаттар болып табылады.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы офертаны акцепттей отыра, Тапсырыс беруші келесіні растайды: 1.1.1. Осы офертаны акцепттеу сәтіне дейін көрсетілетін қызметтер және оларды көрсету шарттары туралы, дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік беретін қажетті ақпаратты алу. 1.1.2. SPA-салонға бару кезінде мінез-құлық қағидалары мен қауіпсіздік шараларын сақтауға өзінің келісімі мен міндеттемесін растау. 1.1.3. Тапсырыс берушінің бассейні бар SPA-аймаққа баруына медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы. Тапсырыс беруші денсаулық жағдайы туралы жалған немесе дәл емес мәліметтер ұсыну, сондай-ақ жітіауру немесе созылмалы аурудың асқыну кезеңінде бассейнге бару Тапсырыс берушінің денсаулығының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін екенін түсінеді. 1.1.4. Су ортасында және SPA-аймақта жаттығулар өткізілуіне байланысты жарақат алу қаупінің бар екенін түсінуі. Жоғарыда көрсетілген қағидаларды Тапсырыс беруші сақтамау салдарынан туындауы мүмкін Тапсырыс берушінің денсаулығының кез келген нашарлауы, сондай-ақ өмірге қауіпті жарақаттар үшін Орындаушы жауапкершілік көтермейді.
1.1.5. SPA-салонда келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүргізілетінімен таныс екенін және оған өзінің келісімін растау. 1.1.6. СМС-хабарламаларды, электрондық пошта арқылы хабарламаларды, сондай-ақ Орындаушының қызметі туралы басқа байланыс құралдарының көмегімен жіберілген хабарламаларды, оның ішінде келулердің күші жойылған немесе ауыстырылған жағдайда ақпараттық мазмұнды алуға келісім беру. Хабарламаларды жіберу Тапсырыс беруші байланыс ретінде ұсынған телефон нөміріне немесе электрондық пошта мекенжайына жүзеге асырылады. 1.1.7. Өзінің келісімі бойынша ол тек өзінің еркі бойынша, өзінің мүддесі үшін және/немесе пайдасына осы шарт жасасатын үшінші тұлғалардың мүдделері үшін әрекет етеді. 1.1.8. Егер осы Шарт бойынша пайда алушы ретінде үшінші тұлға болған жағдайда, ол осындай үшінші тұлғаға осы офертаның мәтінін ұсынып, оның ережелерін түсіндіріп, оның талаптарын толық көлемде қабылдауды қамтамасыз ететініне өзінің келісімі. 1.2. Орындаушы кез келген уақытта Тапсырыс берушімен алдын ала келіспей, біржақты тәртіппен осы Офертаның шарттарына өзгерістер енгізуге құқылы. Өзгерістер енгізілген жағдайда, орындаушы өзгерістерді «Buddha Ѕра» SPA-салонының ресми www.buddhaspa.kz сайтында жариялайды. Бұл ақпаратты Тапсырыс беруші дербес қадағалайды, Орындаушы әрбір Тапсырыс берушіні жеке хабардар етуге міндетті емес. 1.3. Қызметтерді орындаушы SPA-салонның сайтында ашық қолжетімділікте орналастырылатын SPA-салонның жұмыс кестесіне сәйкес көрсетеді. Қызметтерді пайдалану үшін Тапсырыс беруші келудің ыңғайлы күні мен уақытын келісе отырып, алдын-ала жазылуы керек.
2. Шарттың мәні
2.1. Осы Шарттың мәні Тапсырыс берушіге SPA-салонда жалпы сауықтыру қызметтерін көрсету болып табылады. Қызметтер осы жария оферта шарттарына сәйкес, оның ішінде оған толықтырулар мен қосымшалармен бірге ұсынылады. 2.2. Тапсырыс беруші сатып алынған абонемент, сыйлық сертификаты немесе бір рет келуге арналған кассалық чек түріне сәйкес Тапсырыс берушіге Spa-салон қызметтерін көрсету бойынша міндеттемені тапсырады, ал Орындаушы өзіне алады. Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтерді осы Шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
3. Шарттың қолданылу мерзімі және қызметтерді көрсету мерзімі
3.1. Осы жария офертаны акцептеу жолымен жасалған шарттың қолданылу мерзімі оның акцептелген күнінен басталады (Шарттың 4.1-тармағы) және Абонементтің, Сыйлық сертификатының қолданылу мерзімінің соңғы күнінде аяқталады. 3.2. Шарт бойынша қызмет көрсету мерзімі Абонементтің, Сыйлық сертификатының қолданылу мерзіміне сәйкес келеді. Қызмет көрсету мерзімі Абонементті, Сыйлық сертификатын сатып алған күннен басталады және Абонементтің, Сыйлық сертификатының қолданылу мерзімінің соңғы күнінде аяқталады. 3.3. SPA-салонға біржолғы жалпы сауықтыру келуді сатып алу кезінде осы жария офертаны акцептеу жолымен жасалған шарттың қолданылу мерзімі, сондай-ақ қызмет көрсету мерзімі SPA-салонға бару өткізілетін бір күнтізбелік күнге тең.
4. Көрсетілетін қызметтер құны және есеп айырысулар тәртібі
4.1. Қызметтерді көрсету шарттарымен танысып, қызмет түрін таңдағаннан кейін, Тапсырыс беруші Орындаушыдан бекітілген нысанға сәйкес сауықтыру бағытындағы қызметтерді көрсетуге арналған Абонементті, Сыйлық сертификатын не бір реттік келуге арналған кассалық чекті сатып алады. 4.2. Абонементті, Сыйлық сертификатын немесе бір реттік келуге арналған кассалық чекті сатып алу үшін Тапсырыс беруші жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады және дербес деректерді өңдеуге келісім береді. Шарт жасасу және Абонементті, Сыйлық сертификатын Тапсырыс берушінің өкілі арқылы сатып алу кезінде, қосымша түрде қарапайым жазбаша нысанда ресімделген сенімхат ұсынылады, онда көрсетілген шартты жасасу құқығы (оның ішінде жария офертаны акцепттеу құқығы), сондай-ақ қызметтер үшін ақы төлеу құқығы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. 4.3. Қызметтер үшін ақы төлеу Тапсырыс беруші тарапынан 100% алдын ала төлем шарттарында Орындаушының кассасына қолма-қол ақшамен немесе Орындаушының кассасында орнатылған POS-терминал арқылы банк картасымен жүзеге асырылады. 4.4. Қызметтерге ақы төлеу күні ретінде қолма-қол ақша Орындаушының кассасына енгізілген күн немесе ақша қаражаты Орындаушының есеп айырысу шотына түскен күн есептеледі. 4.5. Қызметтер Тапсырыс беруші тарапынан толық көлемде төленген жағдайда ғана көрсетіледі. Осы Шарт бойынша Тапсырыс беруші үшін қызметтерге ақы төлеуді кез келген үшінші тұлғаның (сенімхат, тапсырма шарты негізінде) жүзеге асыруы Тапсырыс берушінің осы Шарт бойынша құқықтары мен міндеттерін өзгертпейді.
5. Орындаушының құқықтары мен міндеттері
5.1. Орындаушының міндеттері: 5.1.3. Орындаушы қызмет көрсету мерзімі ішінде Шарттың 3-бөлімі, қолданыстағы заңнамаға және қызмет көрсетудің таңдалған түрлеріне сәйкес және Тапсырыс беруші акцептеген шарттарға сәйкес жалпы сауықтыру қызметтерін 4-бөлімде көрсетілген әрекеттерді жасау жолымен көрсетуге міндеттенеді. 5.1.4. Қызмет көрсету уақытына жеке киімдер мен заттарды сақтауға арналған орын (құлыпталатын шкаф) ұсыну. 5.1.5. Орындаушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға осындай ақпарат пен дербес деректерді ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, құжаттарды толтыру кезінде алынған Тапсырыс беруші туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті. 5.1.6. Сапалы жалпы сауықтыру қызметтерін ұсыну. Көрсетілетін қызметтердің сапасын алдын алу және реттеу жөнінде уақтылы шаралар қабылдау. 5.1.8. Медициналық көмекті қажет ететін жағдайлар туындаған жағдайда Орындаушы жедел медициналық көмекті дереу шақыруға міндеттенеді. 5.2. Орындаушының Құқықтары: 5.2.1. Ауру белгілері бар адамдарды жүзу бассейніне жібермеуге, сондай-ақ Тапсырыс берушінің денсаулығына зиян келтіру қаупі туындаған жағдайда қызмет көрсетуді уақытша тоқтатуға, бұл туралы Тапсырыс берушіні хабардар ете отырып, қызметтерді әрі қарай көрсету мүмкіндігін анықтау үшін медициналық ұйымнан тексеруден өтуді ұсыну. 5.2.2. Кестені, жұмыс режимін (оның ішінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты) өз қалауы бойынша өзгертуге, бұл туралы Тапсырыс берушіні кез келген қолжетімді тәсілмен хабардар етуге. Авариялық жұмыстар жүргізілген жағдайда Тапсырыс берушіні алдын ала хабардар ету талап етілмейді. 5.2.3. Қызметтердің құнын кез келген уақытта өз қалауы бойынша өзгертуге, бұл ретте қызметтер құнының өзгеруі бұрын акцепттелген қызметтерге қолданылмайды. 5.2.4. SPA-салонның қағидаларын біржақты тәртіппен кез келген уақытта, оның ішінде мемлекеттік билік органдарының талаптарына байланысты және эпидемиологиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты өзгерту. Ақпарат Тапсырыс берушіге SPA-салонның ресми www.buddhaspa.kz сайты арқылы, сондай-ақ әкімші тұрағында орналастыру жолымен жеткізіледі. 5.2.5. Қызметкерлердің персоналдық құрамын Тапсырыс берушімен келісусіз ауыстыру. Бұл ретте қызметкерлердің персоналдық құрамын ауыстыру (жоспарлы немесе қажеттілікке байланысты, толық немесе ішінара, уақытша немесе тұрақты) Шартты өзгерту немесе бұзу үшін негіз болып табылмайды. 5.2.6. Тапсырыс берушінің алкогольдік, есірткілік немесе уытты мас күйінде екендігін айқын көрсететін белгілер болған жағдайда, не кез келген қару түрлерін, жарылғыш, жанғыш немесе уландырғыш заттарды алып кіруге әрекет жасаған кезде Тапсырыс берушінің SPA-салон үй-жайына кіруіне жол бермеуге. Қажет болған жағдайда Орындаушы ақпаратты құқық қорғау органдарына береді. 5.2.7. Тапсырыс беруші Шартта көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда шартты біржақты тәртіппен бұзу.
6. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері
6.1. Тапсырыс берушінің міндеттері: 6.1.1. SPA-салонға бару және қызметтер үшін ақы төлеу алдында Тапсырыс беруші Орындаушының қолданыстағы Офертасының редакциясын, SPA-салонға бару қағидаларын және қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ Орындаушының Сайтында орналастырылған қызметтер туралы ақпаратты өз бетінше зерделеуге міндетті. Осы Шартта көрсетілген қандай да бір ережелер Тапсырыс берушіге түсініксіз болып, Орындаушы тарапынан қосымша түсіндіруді талап ететін жағдайда, қызметтерді алуға кіріспеуге тиіс. 6.1.2. SPA-салонға бару кезінде, сондай-ақ бассейн аймағындағы су ішінде SPA-салонға бару қағидалары мен қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті. 6.1.3. Қызметтер көрсетіле бастағанға дейін Тапсырыс беруші осы Шарт шеңберінде Орындаушы көрсететін қызметтер бойынша қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын өзінің емдеуші дәрігерімен өз бетінше тексеруге (кеңес алуға) және Орындаушының талабы бойынша инфекциялық және өзге де ауруларға тексеру нәтижелері туралы анықтаманы ұсынуға міндетті. 6.1.7. Қоғамдық тәртіпті және жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтау және қолдау, басқа келушілерге, SPA-салон қызметкерлеріне құрметпен қарау, айналасындағыларға қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеу. 6.1.8. Өз денсаулығының жай-күйін өз бетінше және жауапкершілікпен бақылау. Созылмалы, жұқпалы, тері аурулары, сондай-ақ ішкі ағзалардың аурулары болған кезде SPA-салонға барудан бас тарту және басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу. 6.1.9. Жеке заттарға мұқият болу, оларды қараусыз қалдырмау, басқа адамдарға сеніп тапсырмау. Орындаушы Тапсырыс берушінің заттарын жоғалтқаны үшін жауап бермейді. 6.1.10. Орындаушының кез-келген жабдығын өз бетінше қоспау немесе өшірмеу. Қызметтік және өзге де техникалық үй-жайларға кірмеу, кез келген инженерлік-техникалық жабдықты өз бетінше реттемеу. 6.1.11. Қызмет көрсету кезінде ұялы телефондарды және өзге де байланыс құралдарын пайдаланбау. 6.1.12. Қызмет көрсеткеннен кейін қызмет көрсету үшін берілген мүлікті Орындаушыға қайтару, Орындаушының мүлкіне ұқыпты қарау. 6.1.13. Тапсырыс беруші шкафтың кілтін, гардеробтың нөмірін, пайдаланылатын спорттық мүкәммалды жоғалтқан жағдайда Тапсырыс берушіге залалдың құнын өтеу міндеті жүктеледі. 6.2. Тапсырыс беруші құқылы: 6.2.1. Тапсырыс беруші қызметтерді төлеген жағдайда, Spa-салонның жұмыс режиміне сәйкес Орындаушы ұсынатын қызметтерді таңдау және алу. 6.2.2. Осы офертаның шарттарына сәйкес орындаушыдан сапалы қызмет көрсетуді талап ету. SPA-салонның жұмысы және көрсетілетін қызметтер туралы қажетті және дұрыс ақпарат алу. 6.2.3. Тапсырыс беруші Орындаушыға осы Шартта көрсетілген қызметтер бойынша өз пікірлерін, ұсыныстары мен ұсынымдарын жіберуге құқылы.
7. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Тараптар осы Шартты орындамау немесе тиісінше орындамау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді. 7.2. Қызметтер көрсету кезеңінде Тапсырыс беруші Орындаушыға келтірген залал Тапсырыс берушінің өзі тарапынан тікелей Орындаушыға өтелуге жатады. Орындаушыға тиесілі кез келген жабдыққа немесе мүлікке келтірілген зақым үшін Тапсырыс беруші Орындаушыға оны бастапқы күйіне келтіру бойынша жұмыстардың құнын Орындаушының жөндеуге жұмсалған шығындарды растайтын құжаттарының негізінде өтейді немесе жөндеуге жатпайтын әрі жойылып кеткен мүліктің толық құнын ақшалай түрде өтейді. 7.3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор) туындаған жағдайда Орындаушы да, Тапсырыс беруші де жауапкершіліктен босатылады. Мұндай мән-жайлар туындаған Тарап олар туралы ақылға қонымды мерзімде және қолжетімді тәсілмен екінші Тарапты хабардар етуге міндетті. 7.4. Тапсырыс беруші өзінің денсаулық жағдайы үшін жауапкершілікті толық көлемде өзіне алады. Орындаушы Тапсырыс берушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік көтермейді. 7.5. Орындаушы Тапсырыс берушіге тиесілі мүліктің жоғалуына, бүлінуіне, зақымдануына немесе ұрлануына, сондай-ақ заттардың сақталуына жауап бермейді және Тапсырыс берушінің әрекеттері салдарынан теріс салдарларға әкеп соққан жағдайлар бойынша үшінші тұлғалар тарапынан Орындаушыға қойылған талаптар үшін жауап беруге міндетті емес. 7.6. Осы Шартты жасай отырып, Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде де, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін де, егер мұндай зиян Тапсырыс берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы/тиісінше орындамауы салдарынан, сондай-ақ оның ажырамас бөлігі болып табылатын кез келген құжаттың талаптарын бұзу нәтижесінде туындаған болса, Орындаушыдан моральдық немесе материалдық зиянның, не денсаулыққа келтірілген зиянның қандай да бір өтемақысын талап етуге құқығы жоқ екенімен келіседі.
8. Қорытынды ережелер
8.1. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады. 8.2. Шартты жасасуға, орындауға, өзгертуге, бұзуға, оның жарамдылығына немесе түсіндірілуіне байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктер, оның ішінде Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алу жағдайларында, сондай-ақ өзге де орындамау және (немесе) тиісінше орындамау жағдайларында туындайтын даулар Тараптардың келіссөздер жүргізу жолымен реттелуге тиіс. 8.3. Дауды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар міндетті талап қою тәртібін қолдануға келіседі. Талап жазбаша түрде ресімделеді және алынған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қаралуға жатады. Дауды реттеу мүмкін болмаған жағдайда, дау соттың қарауына беріледі. 8.4. Осы Шартқа қоса берілетін барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.
9. Орындаушының деректемелері
Заңды тұлға Steak Field ЖК БСН 841017300039 160000 ҚР, Шымкент қаласы, Қонаев,13
№1 Қосымша: МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қосымша ақпарат Вафельді халат – 25 000 теңге / 1 дана Моншаға арналған сүлгі – 15 000 теңге / 1 дана Бетке арналған сүлгі – 10 000 теңге / 1 дана Аяққа арналған сүлгі – 10 000 теңге / 1 дана Резеңке сланцы – 8 000 теңге / 1 дана
СПА-ға КЕЛУ КЕЗІНДЕГІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Ұғымдар мен анықтамалар
Орындаушы – Steak Field ЖК (бұдан әрі – SPA-салон). Объектілер – Орындаушыға тиесілі, оның ішінде бассейні бар SPA-салон. SPA аймағы – жалпы сауықтыру рәсімдерін өткізуге арналған аймақ. SPA аймағының кешеніне сауна мен бассейн кіреді. Сауна – ауасы электрлік пеште (бұдан әрі – пеш) орналасқан тастар арқылы қыздырылатын құрғақ жылуы бар үй-жай. Келуші – SPA-салон аумағында болатын кез келген тұлға (қызметке тапсырыс беруші; тапсырыс берушінің өкілі; кәмелетке толмаған келуші; соның пайдасына SPA аймағының жалпы сауықтыру қызметтерін көрсету туралы шарт жасалған кез келген жеке тұлға). Қызметтер – Орындаушының жалпы сауықтыру қызметтерін ұйымдастыру және көрсету жөніндегі қызметі. Қызмет сапасы – Келушінің жалпы сауықтыру қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін айқындайтын, қызметтің сипаттамалар жиынтығы. Абонемент – Орындаушы мен Келуші арасында SPA-салонның жалпы сауықтыру қызметтерін көрсету туралы шарттың жасалғанын растайтын құжат. Сыйлық сертификаты – Сатушының өз қалауымен таңдалатын нысанда (қағаз түріндегі сертификат / электрондық құжат – «Виртуалды сыйлық сертификаты», «ВСC») шығарылатын, дербестендірілмеген құжат болып табылады. Ол бірегей деректемелерді (QR-код, номинал, қолданылу мерзімі және т.б.) қамтиды және сертификатты шығарушы/таратушы тұлғадан – Сатушыдан осы сертификаттың номиналдық құнына тең сомаға қызметтерді сатып алуға оның иесіне (ұстаушысына) құқық беретінін растайды. Бір реттік кіруге арналған кассалық чек – белгіленген үлгідегі құжат (Орындаушының кассалық чегі) болып табылады, ол Орындаушы мен Келуші арасында SPA-салонының жалпы сауықтыру қызметтерін көрсету туралы шарттың жасалғанын растайды және оны сатып алған күні SPA-салонға бір рет кіруге құқық береді. SPA аймағына бір реттік кіру бос орындар болған жағдайда ғана мүмкін. Техникалық үзіліс – тазалау және санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында SPA-салонының, сондай-ақ SPA аймағындағы үй-жайлардың жұмысындағы үзілістер. Техникалық үзілістердің саны мен олардың ұзақтығы санитарлық нормалар мен қағидаларға сәйкес айқындалады. SPA салонының әкімшілігі - өздерінің лауазымдық міндеттері шеңберінде жұмыс істейтін, SPA салонының директоры және SPA салонының қызметкерлері.
1-бөлім. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің талаптарын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 қарашадағы № 1101 қаулысын («Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы); 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (2023 жылғы 01.07. жағдай бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып); қоғамдық сауықтыру қызметтерін көрсету бөлігінде қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (нормалар мен қағидаларды); халыққа SPA қызметтерін көрсетуді реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілерді; сондай-ақ Орындаушының жергілікті актілерін ескере отырып әзірленді. 1.2. Осы Қағидалар «Buddha Spa» SPA-салонына келушілер үшін сақтауға әрі орындауға міндетті болып табылады. 1.3. Келушілер қызметтер көрсетіле бастағанға дейін осы Қағидалармен өз бетінше танысуға міндетті. Қағидалар «Buddha Spa» SPA-салонының ресми [www.buddhaspa.kz](http://www.buddhaspa.kz) сайтында және әкімші тұрағында орналастырылады. 1.4. Қызмет үшін ақы төлеу Келушінің осы Қағидалармен танысқанын, олармен толық келісетінін және оларды сақтауға міндеттенетінін растайды. Қағидаларды білмеу Келушіні оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды; аталған Қағидаларды Келушінің сақтамауы салдарынан туындаған барлық тәуекелдер мен жағымсыз салдарларды, оның ішінде өмірі мен денсаулығына келтірілуі мүмкін зиянды қоса алғанда, Келуші өз мойнына алады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен дербес жауапкершілік көтереді. 1.5. Келуші (кәмелетке толмаған келушінің заңды өкілі немесе өзге де ілесіп жүретін тұлға) өзінің ағзасының (кәмелетке толмаған келушінің ағзасының) мүмкіндіктерін (функционалдық жай-күйін), оның SPA аймағына бару кезіндегі дене жүктемесі жағдайларына сәйкестігін, тәуекел деңгейінКелушінің денсаулық жағдайына, сондай-ақ өзге де жеке ерекшеліктеріне байланысты өз бетінше бағалайды. 1.6. Келуші (сол сияқты кәмелетке толмағанның заңды өкілдері мен ілесіп жүретін тұлғалар) SPA аймағының қызметтерін пайдаланатын өзінің денсаулық жағдайы / кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайы үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады, сондай-ақ Келушінің SPA аймағына баруына қатысты медициналық қарсы көрсетілімдер мен шектеулердің бар екендігі туралы өзіне (оларға) ештеңе белгілі еместігін растайды. 1.7. Кәмелетке толмаған келушінің заңды өкілі (өзге де ілесіп жүретін тұлға) кәмелетке толмаған келушінің денсаулық жағдайы туралы шынайы емес мәліметтер беру, сондай-ақ жедел ауру кезеңінде немесе созылмалы аурудың асқыну кезеңінде SPA аймағына бару кәмелетке толмаған келушінің денсаулығының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін екенін түсінеді.Орындаушы кәмелетке толмаған келушінің денсаулық жағдайы туралы дұрыс емес ақпараттың берілуі салдарынан оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік көтермейді. 1.8. Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүлкін және «Buddha Spa» SPA-салонының мүлкін сақтау мақсатында SPA-салонының аумағында бейнебақылау жүргізіледі. Келуші Орындаушы көрсететін SPA-салонының қызметтерін қабылдай отырып, бейнебақылаудың жүзеге асырылуына өзінің келісімін растайды.Бейнебақылау материалдарын Орындаушы қолданыстағы заңнамада белгіленген жағдайларда ғана, оның ішінде құқық қорғау және сот органдарының сұрауы бойынша, сондай-ақ SPA-салоны қызметкерлерінің әрекеттері (әрекетсіздігі) мен оның аумағында болған өзге де тұлғалардың әрекеттеріне қатысты дәлелдеме ретінде пайдалануға құқылы.
2-бөлім. ЖҰМЫС РЕЖИМІ
2.1. SPA-салонның жұмыс кезеңі, күн сайын түскі үзіліссіз сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін. 2.2. SPA-салон әкімшілігі SPA-салонның жұмыс режимін өзгертуге, жыл ішінде жұмыс істемейтін, мерекелік, санитарлық және басқа күндерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен Астана қаласының мемлекеттік билік органдарының талап етуі бойынша жариялауға құқылы. SPA-салонның жұмысындағы өзгерістер туралы ақпарат енгізілетін өзгерістерге дейін 24 сағаттан кешіктірілмей SPA-салонның ресми www.buddhaspa.kz сайтында және әкімші үстелшесінде орналастырылады. 2.3. Келушілер SPA-салон аумағында тек SPA-салон әкімшілігі бекіткен жұмыс уақытында болуға құқылы.
3-бөлім. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
3.1. SPA-салонға бару «Buddha Ѕра» SPA-салонның әкімшісі арқылы алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады. 3.2. SPA салонына келуші сыртқы киім мен сыртқы аяқ киімді гардеробқа тапсыруға міндетті. 3.3. SPA-салонға бару құқығы қызметке ақы төлеген және арнайы электронды білезік алған адамдарға беріледі. Электрондық білезік бассейн, сауна қызметтерін пайдалану үшін SPA аумағына кіру билеті және жеке шкафтың кілті болып табылады. 3.4. Электрондық білезік SPA-салонның меншігі болып табылады және SPA-салон аумағынан шыққан кезде SPA-салон әкімшілігіне қайтарылады. Келуші SPA-салонға кірген кезде алған электрондық білезіктің сақталуына жауапты болады және оны SPA-салон Әкімшілігінің кез келген талабы бойынша көрсетуі тиіс. Білезік жоғалған жағдайда, Келуші жоғалған білезіктің құнын 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде төлеуге міндетті. 3.5. Абонементті сатып алған сәттен бастап, SPA-салон аумағына кіруге сыйлық сертификатын немесе бір рет келуге кассалық чекті сатып алу автоматты түрде SPA-салонға бару ережелері мен шарттарын сақтауға өз келісімін береді және белгіленген ережелер мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзғаны үшін толық жауапты болады. 3.6. SPA аймағына барған кезде келесі жас шектеулері белгіленеді: сауна мен бассейнге 18 жастан бастап, ересек адамның сүйемелдеуімен 18 жасқа дейін баруға рұқсат етіледі. 3.7. «Buddha Ѕра» SPA-салонына және балалармен бассейні бар SPA аймағына барған кезде баланың өмірі мен денсаулығы үшін оны ертіп жүретін ата-ана (өзге заңды өкіл, өзге еріп жүретін адам) жауапты болады. 3.8. SPA аймағында келушілердің болу уақытын бақылауды келуші Шартта (шотта) белгіленген сессия уақыты аяқталғанға дейін дербес жүзеге асырады. 3.9 Жүкті әйелдер SPA-салонға барар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіп, саунаға маманның оң қорытындысы болған жағдайда ғана баруы керек.
4-бөлім. КЕЛУШІЛЕР МІНДЕТТІ
4.1. SPA аймағына бару жөніндегі осы Қағидалармен, санитариялық-гигиеналық талаптармен, жабдықтарды пайдалану қағидаларымен, сондай-ақ сауна мен бассейнге бару кезіндегі қағидалар мен ұсынымдармен, объектінің антитеррорлық қорғалуына, өрт қауіпсіздігіне қойылатын шаралар мен талаптармен танысуға және оларды сақтауға, SPA-салоны қызметкерлерінің, оның ішінде санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау бөлігіндегі персонал талаптарын орындауға міндетті. 4.2. SPA аймағына бармас бұрын сауна мен бассейн қызметтерін алуға медициналық қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын анықтау мақсатында өз емдеуші дәрігерімен кеңесу ұсынылады. Қарсы көрсетілімдер болған жағдайда SPA аймағына барудан бас тарту қажет. 4.3. Қоғамдық тәртіпті және жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтауға, өзге келушілер мен SPA-салонының персоналына құрметпен қарауға, айналадағыларға қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге міндетті. Осы Қағидаларда және ақпараттық белгілерде көрсетілген барлық шектеулерді қатаң сақтауы тиіс. 4.4. SPA аймағының жабдықтарына және SPA-салонының өзге де мүлкіне ұқыпты қарауға, олардың бүлінуіне немесе жоғалуына жол бермеуге міндетті. Мүлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, келтірілген залалдың құнын өтеу міндеті Келушіге жүктеледі. 4.5. SPA-салонының бүкіл аумағында және барлық үй-жайларында, сондай-ақ SPA-салонының өзге де объектілерінде тазалық пен тәртіпті сақтауға міндетті. Қоқыс пен өзге де қалдықтарды тастау үшін тек осы мақсатқа арнайы бейімделген контейнерлерді пайдалануы тиіс. 4.6. SPA аймағын пайдалану барысында жарақат алған, буындарда ауырсыну, өзін жайсыз сезіну немесе қол-аяқ бұлшықеттерінде жайсыздық, құрысу, көздің немесе терінің қатты қызаруы, қан кету пайда болған жағдайда, сондай-ақ жалпы хал-ахуалы нашарлаған кезде Келуші SPA қызметтерін алу сеансын дереу тоқтатуға, көмек сұрау белгісін беруге немесе өзге тәсілмен ең жақын SPA-салоны қызметкеріне жүгінуге және оның нұсқауларын орындауға міндетті. 4.7. Штаттан тыс жағдайлар (авариялық, жанжалды және өзге де күтпеген жағдайлар) туындаған жағдайда олар туралы SPA-салон әкімшісіне немесе SPA-салонның кез келген қызметкеріне дереу хабарлау қажет. 4.8. SPA-салонда (оның ішінде SPA аймағының үй-жайларында) төтенше жағдайлар (өрт, авариялар және т.б.) туындаған жағдайда, «шығу»желілік көрсеткіштеріне сүйене отырып, эвакуациялау сызбасына сәйкес ғимараттан жедел шығу, әбігерлік пен дүрбелең көрсетпеуге тырысу. 4.9. Жазатайым оқиға, ұрлық, мүліктің бүлінуі, өзге де ерекше немесе төтенше жағдайлар анықталған кезде келуші бұл туралы SPA-салон қызметкеріне дереу хабарлауға және оның нұсқауларын орындауға міндетті. Егер қажеттілік болса, әкімшілік келушіні актіні жасауға немесе өзі тапқан мән-жайларға қатысты түсініктемелер беруге қатысуға міндеттеуге құқылы. 4.10. Белгіленген ұсыныстарды, тыйымдар мен шектеулерді бұзған SPA салонына келушілер өз денсаулығына және басқа келушілердің денсаулығына келтірілген зиян үшін толық жауап береді, сондай-ақ олар келтірген зиянды үшінші тұлғаларға өтеумен байланысты барлық тәуекелдерді өз мойнына алады.
5-бөлім. КЕЛУШІЛЕРГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
5.1. Қан кету, герпес, тері аурулары, өзін жайсыз сезіну, жүректің созылмалы аурулары, эпилепсия болған кезде, сондай-ақ келушінің өзінің денсаулығына да, өзге Келушілердің денсаулығына да қауіп төндіретін өзге де медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда SPA аймағына баруға. 5.2. Алкогольдік, есірткілік немесе өзге де мас күйде, сондай-ақ масаңдықтың кез келген түрінің қалдық белгілері болған жағдайда SPA-салонында болуға және SPA аймағына баруға.
5.3. SPA аймағының үй-жайларына сырт киіммен, көше аяқ киімімен және бахилалармен, сондай-ақ басқа келушілердің киімін ластауы мүмкін сөмкелермен және киіммен кіруге тыйым салынады. SPA-салонына (оның ішінде SPA аймағына және бассейнге) үй жануарларымен, құстармен, бауырымен жорғалаушылармен және т.б. кіруге қатаң тыйым салынады. 5.4. SPA-салонына сусындарды, балмұздақтарды, чипсілерді және басқа да тамақ өнімдерін әкелуге, сондай-ақ оларды тұтынуға тыйым салынады. 5.5. Жарақат алудың алдын алу мақсатында бассейн аймағында, дәліздерде, баспалдақтарда, душ бөлмелерінде жүгіруге тыйым салынады, сондай-ақ SPA аймағы мен душ бөлмелерінде ылғалды ортаға арналған, таймайтын табаны бар аяқ киімсіз жалаңаяқ жүруге тыйым салынады. 5.6. Душ және киім ауыстыратын бөлмелерді жеке гигиена мақсатында пайдалануға (қырыну, шаш пен тырнақ қию, өкшені қыру, шомылу керек-жарақтарын және жеке заттарды жуу, киім ауыстыратын бөлмелерде суланған заттарды сығу) тыйым салынады. 5.7. Қызметтік және техникалық үй-жайларға, сондай-ақ SPA аймағының объектілері болып табылмайтын өзге де үй-жайларға кіруге тыйым салынады. 5.8. Балағат сөздерді қолдануға, басқа келушілермен және SPA-салоны қызметкерлерімен қарым-қатынаста дауыс көтеруге тыйым салынады. Мұндай мінез-құлық болған жағдайда SPA-салоны келушінің кіруінен бас тартуға құқылы. 5.9. Жыныстық сипаттағы тиісулерге және орынсыз ұсыныстар жасауға тыйым салынады. SPA-салоны интимдік қызметтерді, оның ішінде эротикалық массажды көрсетпейді. Келуші тарапынан әдепке жат мінез-құлық байқалған жағдайда, шебер рәсімді тоқтатуға құқылы. 5.10. SPA-салонына газды, пневматикалық және суық қаруды, тесіп-кесетін заттарды, сондай-ақ жарылғыш және оңай тұтанатын заттарды алып кіруге тыйым салынады. 5.11. SPA-салонының аумағында және барлық үй-жайларында алкогольдік ішімдіктерді, есірткілік, күшті әсер ететін және психотроптық заттарды тұтынуға және таратуға, сондай-ақ темекі шегуге (оның ішінде барлық түрдегі электрондық қыздыру құрылғыларын) тыйым салынады.. 5.12. SPA-салонында шектеусіз адамдар тобына бағытталған кез келген үгіт-насихат қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ нәсілдік, әлеуметтік, ұлттық немесе діни араздықты қоздыруға бағытталған белгілерді, өзге де символиканы салуға немесе көрсетуге тыйым салынады. 5.13. Әкімшіліктің рұқсатынсыз SPA-салонының аумағын коммерциялық, жарнамалық немесе табыс алуға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға тыйым салынады. 5.14. SPA-салоны әкімшілігінің рұқсатынсыз кино- және фото түсірілім жүргізуге тыйым салынады. 5.15. SPA-салонында орналасқан мүлікті бүлдіруге, сондай-ақ Орындаушыға немесе үшінші тұлғаларға тиесілі мүліктің бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін кез келген әрекеттерді жасауға тыйым салынады. 5.16. Келушіге SPA қызметтерін көрсету мәселелері бойынша басқа келушілерге кеңес беруге және ұсынымдар жасауға тыйым салынады.
6-бөлім. КЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
6.1. Абонементтер, сыйлық сертификаттары немесе бір реттік келуге арналған кассалық чек бойынша SPA-салон аймағының SPA үй-жайларына кіру. 6.2. Ақпараттық көмек көрсетуге жүгіну және қызмет көрсету сапасы бойынша ұсыныстармен әкімшіге жүгіну. 6.3. Белгіленген тәртіппен, SPA-салон аумағында гардеробты, жеке шкафтарды және басқа да қызметтерді пайдалану. 6.4. Қызметкерлерге штаттан тыс жағдайлар (олардың пайда болу қаупі) және SPA-салондағы күдікті заттар туралы хабарлау.
7-бөлім. САУНАҒА КІРУ ЖӘНЕ БАССЕЙНДІ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ҰСЫНЫМДАР
7.1. Аймақ пен бассейннің SPA аумағы жарақат алу қаупі жоғары аймақ болып табылады. 7.2. Сауналарға баруға тек жоғары және төмен температуралардың, сондай-ақ температураның күрт ауысуының әсерін денсаулығына және психоэмоционалдық жай-күйіне зиян келтірмей көтере алатын, физикалық және психикалық жағдайы соған мүмкіндік беретін тұлғаларға ғана рұқсат етіледі. Сауналар жүрек-қантамыр жүйесі, қан қысымы бойынша мәселелері бар, өзге де медициналық қарсы көрсетілімдері бар, қоршаған ортаның температуралық режиміне және температура айырмашылықтарына сезімтал адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен балаларға арналған емес. 7.3. Жеке сүлгіні пайдалану ұсынылады, бұл терінің сөрелермен және өзге де беттермен тікелей жанасуын болдырмауға мүмкіндік береді (жеке гигиена талаптарын сақтау үшін отырғыштың үстіне алдын ала сүлгі төсеу қажет). 7.4. Саунаға бармас бұрын зергерлік және өзге де әшекей бұйымдарды шешіп қою ұсынылады. Қызметтер көрсетілу барысында зергерлік және басқа да әшекей бұйымдардың бүлінуі үшін Орындаушы жауапкершілік көтермейді. 7.5. Саунада балаларды, мүгедектігі бар адамдарды және денсаулығы әлсіреген тұлғаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Денсаулыққа байланысты шектеулерді және саунада буға түсу мүмкіндігін Келуші өз емдеуші дәрігерімен (педиатрмен) өз бетінше анықтауы тиіс.. 7.6. Келушіге ыстық тастарға және пештің металл бөліктеріне қатысты аса сақ болу қажет, олармен жанасу күйікке әкеп соғуы мүмкін. Балалардың пешке жақындауына қатаң тыйым салынады. 7.7. Сауна орынжайында болу ұзақтығы жеке сипатта болады, ыстық саунада тым ұзақ болу дене қызуының жоғарылауына әкелетінін Келуші өз бетінше ескеруі тиіс, сондай-ақ тіпті аз ғана әлсіздік немесе жайлылық сезілген жағдайда саунаны дереу тастап шығуға міндетті. 7.8. Сауналарға барғаннан кейін бассейн суына түсер алдында душ қабылдау қажет.. 7.9. Осы Қағидаларда белгіленген жалпы талаптарға (3-бөлім), міндеттерге (4-бөлім) және тыйымдарға (5-бөлім) қосымша, саунада және бассейнде мыналарға тыйым салынады: 7.9.1. саунаға тәпішкемен, сланцимен кіруге; 7.9.2. саунада металл әшекей бұйымдармен болуға; 7.9.3. электр тэндеріне майлы және өзге де заттарды құюға; 7.9.4. өрттің алдын алу мақсатында пешті бөгде заттармен жабуға; 7.9.5. шыны ыдыстағы жуу құралдарын пайдалануға; 7.9.6. кез келген қосымша косметикалық құралдарды (бал, майлар, скрабтар, кофе, аэрозольдер, майлар және т.б.) қолдануға; 7.9.7. ыстық саунада пластик бөтелкелер мен стақандарды қалдыруға; 7.9.8. қырынуға, шаш пен тырнақ қиюға, өкшені қыруға және өзге де гигиеналық рәсімдерді орындауға; 7.9.9. шомылу керек-жарақтарын және жеке заттарды жууға; 7.9.10. 14 жасқа толмаған балалардың ересектердің еріп жүруінсіз сауналарға баруына; 7.9.11. саунада ұялы телефондар мен өзге де техниканы пайдалануға; 7.9.12. пештердің үстіне су, аэрозольдер және басқа да заттарды құюға, бүркуге немесе өзге тәсілмен қолдануға; 7.9.13. кез келген дәрежедегі мас күйде, сондай-ақ реакцияны төмендететін дәрілік препараттардың әсерінде болуға. Сауналарға бару толықтай келушінің жеке бақылауында жүзеге асырылады.. 7.10. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бассейнді белдіктері, тойтармалары, тоғалары, металл әшекейлері, зергерлік әшекейлері және т.б. бар шомылу костюмдерінде пайдалануға рұқсат етілмейді. 7.11. Бүйірінен суға секіруге және сүңгуге, бір-бірін су астында ұстауға, айқайлауға, акробатикалық секірулерді қолдануға, су астында тыныс алуға тыйым салынады. 7.12. Жүрек-тамыр жүйесі аурулары және ми қан тамырлары аурулары бар келушілерге бассейннің суына күрт кіруге тыйым салынады,. 7.13. Жүзу кезінде бассейнде сағыз шайнауға тыйым салынады, себебі бұл сіздің денсаулығыңызға өте қауіпті. 7.14. Кәмелетке толмаған балаларды SPA-салон аумағында және бассейнінде қараусыз қалдыруға тыйым салынады. 7.15. Бассейнге жүзу шеңберлерін, тақталарды және басқа заттарды әкелуге, бассейнге бөгде заттарды лақтыруға, бассейннің бөлмелері мен құрылыстарын ластауға тыйым салынады.
11-бөлім. ОРЫНДАУШЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КӨТЕРМЕЙДІ
11.1. Орындаушы келуші ЅРА-салонға барудан субъективті күткен нәтиженің басталмағаны үшін жауапты болмайды. 11.2. SPA-салонға, SPA аймағының объектілеріне бару (пайдалану) кезінде келушінің өміріне және/немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін, оның ішінде: - келушінің өз денсаулығының жай-күйі туралы толық емес/анық емес мәліметтерді ұсынуы; - келушіде болатын жедел ауру, жарақаттың күшеюі немесе созылмалы ауру; - келушінің абайсыздығы; -келушінің осы Ережелерді, қауіпсіздік ережелерін, SPA-салон қызметкерлерінің талаптары мен ұсынымдарын бұзуы; - үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері; - Шартта және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда. 11.3. Орындаушы ата-аналардың (өзге де заңды өкілдердің) немесе оларды алып жүретін ересек адамдардың қарауынсыз SPA-салон аумағында жүрген кәмелетке толмағандар үшін, оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта SPA-салон аумағында болуына байланысты жауапкершілік көтермейді. (1) 11.4. Орындаушы гардеробқа сырт киімнің қалталарында тапсырылған,Келушілердің құжаттарының, бағалы заттарының, зергерлік бұйымдарының және ақшасының сақталуына жауап бермейді. Сондай-ақ Орындаушы Келушіге тиесілі мүліктің жоғалуына, бүлінуіне, зақымдануына немесе ұрлануына, сондай-ақ Келушінің әрекеттері салдарынан туындаған теріс салдарлар бойынша үшінші тұлғалар тарапынан Орындаушыға қойылған талаптар үшін жауап беруге міндетті емес. 11.5. Орындаушы қалалық қызметтердің профилактикалық және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуіне байланысты техникалық қолайсыздықтар үшін, оның ішінде көрсетілген себептер бойынша SPA-салонға барудан (сеанстардан) бас тартқаны үшін жауапты болмайды.
12-бөлім. ОРЫНДАУШЫ ҚҰҚЫЛЫ
12.1. Төтенше жағдайлар туындаған кезде, өмір мен денсаулыққа қауіптің пайда болуы немесе оның туындау қаупі болған жағдайда, сондай-ақ Келушілерге, Орындаушыға немесе өзге де тұлғаларға зиян келтіру қаупі (қаупінің болуы) анықталған кезде SPA-салонның немесе оның жекелеген объектілерінің (SPA-аймақтың немесе бассейннің) жұмысын уақытша тоқтатуға. 12.2. Келушілердің осы Қағидаларды сақтауын бақылауға. Келушілер осы Қағидаларды бұзған жағдайда, Орындаушы Келушіге SPA-салонға кіруден (барудан) бас тартуға құқылы. 12.3. Келуші осы Қағидаларды сақтаудан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ басқа келушілерге және SPA-салон қызметкерлеріне қатысты әдепсіз мінез-құлық көрсеткен кезде, Орындаушы Келушіні SPA-салонға жібермеуге немесе нақты жұмсалған шығындарды ұстап қала отырып, шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. 12.4. Келушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында ережеге өзгерістер енгізуге жол беріледі. Өзгерістер енгізу туралы ақпарат SPA-салонның ресми www.buddhaspa.kz сайтында және әкімші үстелшесінде орналастырылады.
(1) «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы