Сыйлық сертификатын сатып алуға ЖАРИЯ ОФЕРТА


Осы Оферта жарияланған күннен бастап қолданылады - 10.11.2023 ж. Төменде баяндалғанның маңыздылығын ескере отырып, осы Оферта талаптарымен шарт жасасуға мүдделі адамға оның мәтінімен мұқият танысу ұсынылады және оның қандай да бір тармағымен келіспеген жағдайда сыйлық сертификатын алудан және оны пайдаланудан бас тарту ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 395-бабының 5-тармағына сәйкес төменде баяндалған шарттар қабылданған және қызметтерге ақы төленген жағдайда осы Офертаның акцептін жүргізетін жеке тұлға, заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкер Сатып алушы болады (ҚР АК 396-бабының 3-тармағына сәйкес оферта акцепті офертада аталған талаптармен шарт жасасуға тең).

Осы жария оферта оның мәтінін www.buddhaspa.kz ресми сайтқа орналастыру арқылы жарияланады, сондай-ақ басып шығарылған түрде «Buddha Ѕра» салонында талап ету бойынша ұсынылуы мүмкін.

Сатушы — Steak Field ЖК, БСН 970305400184, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 160000, Шымкент қаласы, Қонаев көшесі, 13.

Сатып алушы — Сыйлық сертификатының құнын төлеген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкер.

Ұстаушы — Сатушыдан сатып алу немесе Сатып алушыдан алу нәтижесінде Сыйлық сертификатына иелік ететін жеке тұлға.

Оферта — осы құжат, Сатушының кез келген жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ жеке кәсіпкерге бағытталған, осы Шартта көзделген қолданыстағы шарттармен сыйлық сертификатын сатып алу туралы шарт (бұдан әрі — Шарт) жасасу жөніндегі жария ұсынысы.

Акцепт — Сатып алушының осы Шарттың талаптарын толық әрі сөзсіз қабылдауы.

Сыйлық сертификаты — номиналы мен қолданылу мерзімі көрсетілген, оның иесіне (ұстаушысына) Сатушыдан осы сертификаттың номиналдық құнына тең сомаға қызметтерді сатып алу құқығын куәландыратын, дербестендірілмеген (қағаз немесе электрондық) құжат.

Сыйлық сертификатының номиналы — Сатушы айқындайтын мөлшердегі ақша қаражаты, ол Сатып алушы тарапынан Шарттың жасалғанын және Сыйлық сертификатын алғанын растау мақсатында Сатушыға енгізіледі және қызметтер үшін алдын ала төлем болып табылады.

Сыйлық сертификатының қолданылу мерзімі — Сатып алушы Сыйлық сертификатын сатып алған күннен бастап есептелетін, осы кезең ішінде Сыйлық сертификатының номиналдық құны қызметтерге ақы төлеу кезінде есепке алынуы мүмкін уақыт аралығы.

Өтінім — Сатып алушының Сыйлық сертификатын сатып алу ниеті туралы, сертификаттардың саны мен номиналы көрсетілген өтінімі.

Жалпы ережелер


1.1. Осы құжат Steak Field ЖК (бұдан әрі – Сатушы) ресми ұсынысы (жария оферта) болып табылады және «Buddha Spa» салонының сыйлық сертификатын сатып алудың барлық маңызды шарттарын қамтиды.
1.2. Шарттың барлық елеулі талаптары – ұсыныс жасайтын адамның көрсетілген талаптармен шарт жасасуға еркі көрінетін ұсыныс оферта (жария оферта) деп танылады, ал оферта алған адамның онда көрсетілген шарт талаптарын орындау бойынша іс-әрекеттер жасауы шарт жасасу болып есептеледі.
1.3. Сыйлық сертификаты www.buddhaspa.kz сайтта көрсетілген сатушының салондарындағы қызметтерге ақы төлеу кезінде ғана қолданыла алады.
1.4. Осы жария оферта ресми құжат болып табылады және www.buddhaspa.kz  сайтында жарияланады. Сатушы осы офертаға алдын ала хабарламасыз кез келген уақытта кез келген өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Өзгерістер туралы ақпарат www.buddhaspa.kz сайтында қолжетімді. Сатып алушы немесе сертификатты ұсынушы өзге тұлға мұндай өзгерістерді өз бетінше қадағалайды.
1.5. Сатушы Сатып алушыдан Сыйлық сертификатының номиналына тең ақшалай қаражатты қабылдауға, растау ретінде Сыйлық сертификаты мен кассалық чекті беруге және Сыйлық сертификатының қолданылу мерзімі ішінде осы офертаның шарттарына сәйкес қызметтерге ақы төлеу есебіне Сыйлық сертификатының номиналын есепке алуға міндеттенеді, ал Сатып алушы көрсетілген ақшалай қаражатты Сатушыға төлеуге және Сыйлық сертификатын осы офертаның шарттарына сәйкес пайдалануға міндеттенеді.

Шартты жасасу тәртібі


2.1. Сыйлық сертификатын сатып алуға ниет білдірген Сатып алушы Сатушымен шарт жасасқан және сыйлық сертификатының құнын қолма-қол, электрондық қаражатпен немесе қолма-қол ақшасыз аударыммен төлегеннен кейін осы Офертаның барлық талаптарын қабылдаған болып есептеледі.
2.2. Сыйлық сертификатының сату құны оның номиналды құнына тең.

Сыйлық сертификатын айналымда пайдалану туралы ереже


3.1. Сыйлық сертификаты қолдану мерзімі ішінде жарамды. Сертификат қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін жарамсыз болып саналады. Егер сертификат жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылмаса — қызметтерді төлеу немесе қаражатты қайтару мүмкін емес.
3.2. Сыйлық сертификатының номиналын сатушы келесі шарттар орындалған жағдайда қызметтерге ақы төлеу есебіне есептей алады:
- егер қызмет сомасы номиналдан аз болса - айырмашылық қайтарылмайды;
- егер қызмет сомасы номиналдан асып кетсе - айырманы Сатып алушы қосымша төлейді.
3.3. Сыйлық сертификатын пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерге ақы төлегеннен кейін сертификаттың материалдық тасымалдаушысы (бар болса) алынады, одан әрі пайдалану бұғатталады.
3.4. Сертификат ұстаушы өз құқықтарын басқа тұлғаға беруге құқылы; жаңа тұлға барлық құқықтары мен міндеттері бар ұстаушы болады.
3.5. Ұстаушы жаңа ұстаушыны шарттың талаптарымен таныстыруға, оның ішінде www.buddhaspa.kz сайтында танысу орнын хабарлауға міндеттенеді.
3.6. Сатушы сертификатты жоғалтқаны немесе оны көшіргені үшін жауап бермейді; сертификаттың ұсынушыда болуы оны пайдалану жөніндегі өкілеттіктің жеткілікті куәлігі болып саналады.
3.7. Сатушы мынадай жағдайларда: егер қызмет көрсету заңға қайшы келсе; егер ұстаушы алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болса; егер қызмет көрсетуге қарсы көрсетілімдер болса, ұстаушы алдындағы міндеттемелерді орындаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Сыйлық сертификатын қайтару және ауыстыру
4.1. Егер сертификаттың өзінде өзгеше көрсетілмесе, сертификаттың жарамдылық мерзімі сатып алынған күннен бастап 3 айды құрайды. Сертификаттың жарамдылық мерзімінен асып кету қайтару мен айырбастауды мүмкін емес етеді.
4.2. Сертификат қайтарылмайды және қолма-қол ақшаға немесе басқа сертификатқа айырбасталмайды.
4.3. Сертификатты жарамдылық мерзімі ішінде пайдаланбау Сатып алушының шарттан бас тартуын және сатушының міндеттемелерін тоқтатуын білдіреді.
4.4. Жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайда сертификат қалпына келтірілмейді және қаражат қайтарылмайды.
4.5. Қызметтерге ақы төлеу сертификат ұсынылған кезде ғана жүзеге асырылады.
4.6. Түпнұсқалығына күмән бар бүлінген сертификаттар қабылданбайды.

Өзге шарттар


5.1. Сапасыз қызмет құнын қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
5.2. Егер осы Шарттың қандай да бір талабы жарамсыз деп танылса, қалғандары күшінде қалады.
5.3. Міндеттемелерді орындамағаны үшін Тараптар ҚР заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5.4. Сатушы жанама шығындар үшін жауап бермейді.
5.5. Тараптар форс-мажор (өрт, су тасқыны, соғыс, эпидет, мемлекеттік органдардың тыйымдары және т.б.) үшін жауапкершіліктен босатылады.
5.6. Офертамен реттелмеген мәселелер бойынша Тараптар ҚР заңнамасын басшылыққа алады.
5.7. Даулар туындаған жағдайда Тараптар келіссөздер арқылы шешуге шаралар қабылдайды; мүмкін болмаған жағдайда — ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен.
5.8. Шарт акцепт берілген сәттен бастап тараптардың міндеттемелері толық орындалғанға дейін қолданылады, бірақ сертификаттың қолданылу мерзімінен аспайды.

Сатушының мекенжайы мен деректемелері: Steak Field ЖК, БСН 841017300039, 160000 ҚР, Шымкент қ., Қонаев,13.

© All Rights Reserved. BuddhaSpa.
Біздің мамандар жауап беруге көмектеседі.
Күн сайын 11:00-ден 23:00-ге дейін
info@buddhaspa.kz
Сұрақтарыңыз бар ма?
Жұмыс уақыты